Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Сайрам ауданында түнгі рейд: жастардың қауіпсіздігі басты назарда

Сайрам аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен түнгі уақытта жастар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруін болдырмау мақсатында рейдтік іс-шара өткізілді.

Рейд барысында аудан аумағындағы қоғамдық орындар мен ойын-сауық мекемелері араланып, жастармен профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мамандар мен полиция қызметкерлері жастарға қолданыстағы заң талаптары, түнгі тәртіп ережелері, және жеке қауіпсіздікті сақтау маңыздылығы туралы ақпарат берді.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер мен жастардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқық бұзушылық пен келеңсіз жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ олардың бос уақытын тиімді және пайдалы өткізуге бағыттау.

📍 Рейдке аудандық полиция инспекторлары, «Жастар ресурстық орталығы» мамандары және ерікті жастар қатысып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Орталық мамандарының айтуынша, мұндай іс-шаралар жастар арасындағы құқықтық мәдениетті арттыруға, тәртіп пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруға үлкен септігін тигізеді.

🔹 Алдағы уақытта да жастармен түнгі рейдтік бақылаулар мен кездесулер тұрақты түрде өткізіліп, құқық бұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстар жалғасады.

Ұқсас жаңалықтар

ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтті

admin

ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ЖОЛ-КӨЛІК ОҚИҒАЛАРЫН АЗАЙТУ МАҚСАТЫНДА АРНАЙЫ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

admin

Сайрам ауданында заңсыз жер қойнауын пайдалану фактілеріне қарсы рейдтік шаралар өткізілді

admin

Пікір жазу