Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Сайрам ауданында қоғамдық тұрақтылық пен балалардың қауіпсіздігі талқыланды

Түркістан облысы прокуратурасының бастамасымен Сайрам ауданында қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету және «Қауіпсіз балалық шақ» тұжырымдамасының орындалу жайы бойынша кеңейтілген жиын өткізілді.

Іс-шараға ауданның жергілікті атқарушы органдарының, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік құрылымдардың басшылары қатысты.

Кеңес барысында облыс прокурорының орынбасары Дәулет Бекбашұлы Тлемисов өңірдегі бірқатар өзекті мәселелерге тоқталып, оларды шешу бойынша нақты хаттамалық тапсырмалар берді.

Жиын барысында кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қоғамдағы тұрақтылықты сақтау мәселелері жан-жақты талқыланды. Сондай-ақ профилактикалық шараларды күшейту және мемлекеттік органдар арасындағы өзара іс-қимылды жандандыру қажеттілігі атап өтілді.

Жиын қорытындысында прокуратура өкілдері азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау, қоғамдағы тұрақтылық пен қауіпсіз ортаны сақтау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

#заңментәртіп

Ұқсас жаңалықтар

Еуропалық Одақ пен Қазақстан сын-қатерлерді ортақ мүмкіндіктерге айналдырып келеді

admin

Мемлекет басшысы: «АҚШ уранның орта есеппен 24 пайызға жуығын біздің елден импорттайды»

admin

Түркістан қаласы: 2026 жылы жастар практикасы бағдарламасы аясында 600 жас маман жұмыспен қамтылады

admin

Пікір жазу