Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ОТЫРАР: «САУТС ОЙЛ» ЖШС-НІҢ ҰЖЫМЫНА ЕҢБЕК КОДЕКСІНІҢ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

📅 2025 жылдың 16 қазан күні тексеруді тағайындау актісіне сәйкес Түркістан облысы бойынша Еңбек инспекциясы департаментінің мемлекеттік еңбек инспекторы Серғазы Дамир Серғазыұлы Отырар ауданына қарасты «Саутс Ойл» ЖШС-не жоспардан тыс тексеру жүргізді.

🔹 Тексеру барысында еңбек қатынастарының заң талаптарына сәйкестігі, қызметкерлермен жасалған еңбек шарттарының дұрыстығы, еңбекақы төлеу тәртібі, жұмыс уақыты мен демалыс уақытының есебі, сондай-ақ еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау шараларының сақталуы зерделенді.

🔹 Жүргізілген тексеру қорытындысы бойынша анықталған мәселелердің алдын алу және еңбек заңнамасының бұзылуына жол бермеу мақсатында мемлекеттік еңбек инспекторы Дамир Серғазыұлы серіктестіктің вице-президенті С. Мырзабековтың, кадр және бухгалтерлік қызмет өкілдерінің қатысуымен түсіндірме кездесу өткізді.

🔹 Кездесу барысында ҚР Еңбек кодексінің негізгі талаптары түсіндіріліп, жұмыс беруші мен жұмыскер арасындағы өзара міндеттемелердің заң шеңберінде орындалуының маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар еңбек дауларының алдын алу, еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау және жұмысшылардың құқықтарын қорғау мәселелеріне ерекше назар аударылды.

🔹 Іс-шара соңында еңбек инспекторы қатысушылардың сұрақтарына жауап беріп, заңнамалық талаптарды сақтау бойынша әдістемелік ұсынымдар мен ақпараттық жадынамалар таратты.

🟢 Бұл түсіндірме жұмыстары еңбек қатынастарындағы құқықтық мәдениетті арттыруға және әділ еңбек ортасын қалыптастыруға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алуға арналған іс-шарада сөйлеген сөзі

admin

Ғабит Сыздықбеков француз кәсіпкерлерімен кездесті

admin

ТҮЛКІБАС: «№1 ТҮЛКІБАС АУДАНДЫҚ БАЛАЛАР-ЖАСӨСПІРІМДЕР СПОРТ МЕКТЕБІ» КММ-НІҢ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫНА ЕҢБЕК КОДЕКСІНІҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ ТАЛАПТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

admin

Пікір жазу