Қ.Тұрысбеков ауылдық округінде жастар мен жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың, нашақорлықтың және буллингтің алдын алу мақсатында «Бақытты және қауіпсіз балалық шақ» атты кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараға Ш.Уәлиханов атындағы және А.Әлімбетов атындағы жалпы білім беретін мектептердің оқушылары қатысты. Кездесуді Жастар ресурстық орталығының мамандары, полиция инспекторлары және білім беру ұйымдарының өкілдері бірлесе өткізді.
Шара барысында мамандар оқушыларға қылмыстық жауапкершілік туралы, әрбір құқық бұзушылықтың заңмен жазаланатыны, сондай-ақ жолда жүру ережелерін сақтау, заңсыз көлік айдаудың қауіптілігі және вандализм, нашақорлық, буллинг пен кибербуллингтің салдары туралы жан-жақты түсіндірді.
Сонымен қатар аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу, психологиялық тұрақтылықты сақтау және қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру тақырыптарында пікір алмасу өтті. Оқушылар белсенді қатысып, өз ойларын ортаға салды.
🔹 Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай кездесулер балалардың құқықтық сауаттылығын арттыруға, өз-өзіне және қоғамға жауапкершілікпен қарауға, сондай-ақ қауіпсіз орта қалыптастыруға ықпал етеді.
