Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Спорт

Түркістандық спортшылар гір спортынан өткен ел чемпионатында топ жарды 

Астана қаласында гір спортынан ҚР чемпионаты өткен болатын. Жарыста еліміздің әр облысынан келген спортшылар өзара сынға түсіп, мықтыны анықтады. Түркістан облысының намысын қорғаған созақтық спортшылар ерекше нәтиже көрсетіп, ересектер арасындағы командалық жарыста 1-орынға тұрақтады.
Тарқата айтсақ, ересектен арасында өткен эстафеталық жарыста Қобыланды Орынбасаров 1-орынға, Айдын Тауыпалды 3-орынға, Сырым Құдайберген 1-орынға, Ерсайын Қоңыратбай 3-орынға ие болды.
Осылайша, созақтық спортшылар өз салмақтарында үздік нәтиже көрсетіп, өңірдің абыройын асқақтатты.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан: Сарыағашта Ұлттық спорт күнінде 150 шабандоз қатысқан көкпар ойыны өтті 

admin

Шымкентте Ұлттық спорт түрлері дәріптелді 

admin

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ ӘЛЕМ ЖӘНЕ АЗИЯ ЧЕМПИОНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

admin

Пікір жазу