6 Желтоқсан, 2025. 10:30
Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Спорт

Астаналық жас хоккейшілер Канадада өткен турнирде күміс медаль алды

Астаналық жас хоккейшілер командасы алғаш рет Quebec International Pee-Wee Hockey Tournament халықаралық турниріне қатысып, AA-Elites (11–12 жас) санатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
65-ші халықаралық Pee-Wee хоккей турниріне 16 елден 120 үздік команда қатысты. Турнир Канаданың Квебек қаласында өтті.
«Астана қаласында дайындалдық. Біз осы беделді турнир тарихына енгенімізге өте қуаныштымыз. Бұл – біз үшін алғашқы тәжірибе және өз командамызбен мақтанамыз. Ең есте қалған сәт – финалдық ойын, оны 12 мың көрермен тамашалады», – деді команданың бас бапкері Владимир Захаров.
Айта кетейік, бұл турнирге Астана қаласы әкімдігіне қарасты №10 балалар мен жасөспірімдердің шайбалы хоккейден мамандандырылған спорт мектебінің тәрбиеленушілері қатысты.
Канаданың Pee-Wee Hockey Tournament халықаралық турнирі 1960 жылдан бері жыл сайын өткізіліп келеді және 12 жасқа дейінгі хоккейшілер арасындағы әлемдегі ең беделді жарыстардың бірі болып саналады.

Ұқсас жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық боксшы Назым Қызайбайды тарихи жеңісімен құттықтады

admin

Түркістан: Ұлттық спорт түрлерінен облыстық спартакиада өз мәресіне жетті

admin

ЖЕРЛЕСТЕРІМІЗ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНДАҒЫ АЛҒАШҚЫ ЖҮЛДЕСІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ

admin

Пікір жазу