Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Шымкент

ЖАСТАР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ — УАҚЫТ ТАЛАБЫ

Шымкент қаласы ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында «Заң мен тәртіп» тақырыбында танымдық кездесу өтті.

Іс-шараға «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің басшысы Жансерік Жұман, білікті заңгер, кәсіби медиатор Айжан Кесебаева, сондай-ақ, Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы Дәурен Тұрғынбай қатысты.

Кездесу барысында жастарға заң аясында өмір сүрудің маңыздылығы, құқықтық сауаттылықтың қоғамдағы рөлі мен құқықтық жауапкершілік жайында кең көлемде ақпарат берілді. Спикерлер жастарды кез келген әрекетінде заң нормаларын сақтауға, өз құқықтары мен міндеттерін білуге шақырды. Айжан Кесебаева өз сөзінде соңғы жылдары жастар арасында құқық бұзушылық, буллинг және сталкинг сияқты әрекеттердің белең алып бара жатқанын атап өтті. Оның айтуынша, бүгінде сталкинг – қылмыстық жауапкершілікке тартылатын іс-әрекет болып табылады.

– Психологиялық қысым көрсету, біреуді қудалау, әлеуметтік желіде жағымсыз пікір жазу немесе ар-намысқа тиетін сөз айту – барлығы заң бойынша жауапкершілікке әкеледі. Ең бастысы – заңды білмеу заң алдындағы жауапкершіліктен босатпайды. Сондықтан әрбір жас өз құқығын ғана емес, өз міндетін де жете түсінуі керек, – деді заңгер Айжан Кесебаева.

Ал Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басқарма басшысы Дәурен Тұрғынбай жастарға интернет кеңістігінде сақ болу қажеттігін ескертті.

Жастардың құқықтық мәдениетін арттыру – елдің болашағын қорғау деген сөз. Себебі, заңға құрметпен қараған ұрпақ қоғамның тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Құқықтық сана мен азаматтық жауапкершілік мектеп пен жоғары оқу орнында ғана емес, отбасы мен қоғамдық ортада да қалыптасуы тиіс. Осы орайда ата-аналар мен ұстаздардың да рөлі ерекше екені айтылды.

Кездесу соңында қатысушылар құқықтық мәдениетті дамыту – тек мемлекеттік құрылымдардың емес, бүкіл қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті. Шара жастарды заңға құрметпен қарауға, өз құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сондай-ақ өзге азаматтардың құқықтарын сыйлауға үндеді.

 

Ұқсас жаңалықтар

Полиция Шымкента раздала школьникам брошюры

admin

Шымкентте «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс шарасы өткізіледі

admin

ШЫМКЕНТТЕ ЖОЛ САПАСЫ МЕН ӘУЕ ҚАУІПСІЗДІГІН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ІРІ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА

admin

Пікір жазу