Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Шымкент

Шымкент қаласының әкімі Еңбекші ауданы тұрғындарымен кездесті 

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков Еңбекші ауданының тұрғындарымен кездесті. Көшпелі кездесу барысында Бадам-2, Жұлдыз, Жалын, Қарабастау-Жаңақұрылыс, Бадам және Қарабастау тұрғын алаптарының халқымен бірге өзекті мәселелер талқыланды.
Азаматтар қоғамдық көлік бағытын реттеу, жаңа мектеп пен спорт нысандарын салу, орталық кәріз жүйесін жүргізу және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін көтерді. Қала әкімі экологияға қатысты мәселелер алдағы уақытта тиісті мемлекеттік органдардың қатысуымен өтетін арнайы жиында қаралатынын айтты. Онда кәсіпорындардың жұмысы мен экологиялық жағдайды жақсарту шаралары талқыланбақ.
Сонымен қатар тұрғындар балалар алаңын және мәдениет үйін салу, ирригация жүйесін жаңарту, көшелерді жарықтандыру, жолдарды кеңейту, жаяу жүргіншілерге арналған тротуарлар мен өткелдер салу қажеттігін жеткізді.
Кездесу барысында көтерілген бірқатар мәселе бірден шешімін тапты. Ғабит Сыздықбеков аудан әкімдігі мен басқарма басшыларына барлық ұсынысты жүйелеп, жұмыс жоспарына енгізуді тапсырды.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте Азия чемпионаты кезінде қоғамдық қауіпсіздік күшейтілді

admin

«Бақытты отбасы — бақытты ел» республикалық акциясы аясында дөңгелек үстел өтті

admin

ҚАЗАҚСТАН СИРЕК ЖӘНЕ СИРЕК ЖЕР МЕТАЛДАРЫНЫҢ ЖАҺАНДЫҚ НАРЫҒЫНДАҒЫ ПОЗИЦИЯСЫН НЫҒАЙТЫП ОТЫР

admin

Пікір жазу