6 Желтоқсан, 2025. 11:29
Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Шымкент

ҚОҒАМДЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ БАСТЫ КЕПІЛІ

Түлкібас ауданына жұмыс сапарымен Түркістан облысы прокурорының орынбасары Дәулет Бекбашұлы Тлемисов келіп, аудан аумағындағы қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету мәселелеріне арналған жиын өткізді. Отырыста құқық қорғау органдарының өкілдері, аудандық мемлекеттік мекеме басшылары, ауылдық округтер мен кент әкімдері қатысты.

Жиынның басты мақсаты – өңірдегі қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын сақтау, әлеуметтік келісімді нығайту, тұрғындармен байланысты күшейту және қоғамда кез келген заң бұзушылықтың алдын алу шараларын жүйелі түрде үйлестіру болды.

Іс-шара барысында ел ішіндегі бірлік пен тұрақтылықты сақтау, жалған ақпарат таралуының алдын алу, ақпараттық қауіпсіздік деңгейін арттыру, тұрғындармен ашық диалог орнату және әлеуметпен кері байланыс механизмдерін күшейту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар пысықталды. Сондай-ақ, әлеуметтік желілердегі қоғамдық пікірді жіті бақылау, азаматтардың құқықтық сауаттылығын арттыру және жастар арасындағы түсіндіру шараларын күшейту мәселелері талқыланды.

Дәулет Бекбашұлы өз сөзінде мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасын қатаң сақтауы, халықпен тиімді коммуникация орнатуы, тұрғындардың сұрақтары мен өтініштеріне жедел әрі сапалы жауап беруі қажет екенін ерекше атап өтті. Сонымен қатар, кез келген қоғамдық резонанс тудыратын мәселелерді ушықтырмай, алдын-ала анықтау және тиісті шаралар қабылдаудың маңыздылығы атап өтілді.

Жиын қорытындысында аудан әкімі Асқар Сұлтанұлы Естібаев өңірдегі тұрақтылықты сақтаудағы қоғам белсенділері, ауыл ақсақалдары мен жастар ұйымдарының рөлін атап өтіп, олардың қатысуымен дау-дамайлар мен өзекті мәселелерді талқылап, шешу тәжірибесі жолға қойылғанын жеткізді. Сондай-ақ, аудан басшысы Түлкібас ауданына арнайы келіп, өзекті бағыттар бойынша пікір алмасып, халық игілігі үшін маңызды ұсыныстар бергені үшін Дәулет Бекбашұлына алғысын білдірді.

Жиын соңында тиісті мемлекеттік органдар мен мекемелерге қоғамдық тұрақтылықты қамтамасыз ету, азаматтармен жан-жақты жұмыс жүргізу және ақпараттық-түсіндіру іс-шараларын күшейту жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ТҰРҒЫНДАРЫНА ЦИФРЛЫҚ ЗАҢ ҚЫЗМЕТІ ҚОЛЖЕТІМДІ БОЛА ТҮСТІ

admin

«ЗАҢ МЕН ТӘРТІП»: ШЫМКЕНТТЕ ЕРЕКШЕ ФОТОКӨРМЕ ӨТТІ

admin

Шымкентте «Түнгі қаладағы балалар» жедел-профилактикалық іс шарасы өткізіледі

admin

Пікір жазу