Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
ҚоғамСаясат

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ДАУЫС» БАЙҚАУШЫЛАР КОАЛИЦИЯСЫ 922 УЧАСКЕДЕ БАҚЫЛАУ ЖҮРГІЗУДЕ

Түркістан облысы бойынша «Дауыс» байқаушылар коалициясының жетекшісі Бақытжан Әшірбаев өңірдегі референдум барысына қатысты мәлімет берді.

Оның айтуынша, коалиция бақылаушылары референдум өтетін күні таңғы 05:45-тен бастап учаскелерге келіп, дауыс беру процесіне дайындық жұмыстарын бастаған.

Коалиция құрамындағы барлық бақылаушылар арнайы оқудан өтіп, қажетті нұсқаулықтармен қамтамасыз етілді. Қазіргі уақытта олар сайлау учаскелерінде бақылау жұмыстарын жүргізіп, референдум барысын қадағалап отыр, – деді Бақытжан Әшірбаев.

Айта кетейік, «Дауыс» байқаушылар коалициясының өкілдері Түркістан облысы бойынша 922 референдум учаскесін қамтып отыр. Бұл референдумның ашық әрі заң талаптарына сәйкес өтуін қамтамасыз етуге бағытталған.

Қазіргі уақытта өңірде дауыс беру процесі қалыпты жағдайда жалғасып, бақылаушылар учаскелердегі жұмысты тұрақты бақылауда ұстап отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа Конституция этносаралық татулық пен келісімді қорғайды – Коалиция 

admin

Мемлекет басшысы Американың бизнес өкілдерімен өткен «дөңгелек үстел» отырысында сөз сөйледі

admin

Президенттің 2024 жылғы Жолдауы: азаматтарға арналған цифрлық сервистер: ыңғайлы, жедел әрі ашық

admin

Пікір жазу