Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
АймақҚоғамМәдениет

Түркістан облысында «Тазалық күні» аясында жаппай сенбілік өтті

23 наурыз – «Тазалық күні» аясында Түркістан облысы аумағында кең көлемді экологиялық сенбілік ұйымдастырылды. Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен үндескен бұл игі бастама өңірдің барлық аудан-қалаларында бір мезгілде өткізіліп, тазалық пен тәртіпті сақтауға бағытталған ауқымды жұмыстар атқарылды.

Сенбілікке мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, кәсіпорындар мен ұйым өкілдері, жастар мен еріктілер, сондай-ақ жергілікті тұрғындар белсенді қатысып, туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне өз үлестерін қосты. Тазалық жұмыстары барысында елді мекендердегі көшелер, саябақтар, аллеялар, көпқабатты тұрғын үйлердің аулалары мен қоғамдық орындар ретке келтірілді.

Сонымен қатар жол жиектері мен арық-атыздар тазартылып, жасыл аймақтарды күтіп-баптау жұмыстары жүргізілді. Кейбір аумақтарда ағаш көшеттері отырғызылып, қоршаған ортаны қорғау бағытындағы экологиялық шаралар ұйымдастырылды.

«Тазалық күні» – Наурыз мейрамының басты құндылықтарының бірі саналатын жаңару мен тазалық идеясын насихаттайтын маңызды бастама. Бұл күні тұрғындар қоршаған ортаны таза ұстау, табиғатты қорғау және туған жерді көркейту әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін тағы бір мәрте көрсетті.

Өңірде өткен сенбілік халықтың бірлігі мен ұйымшылдығын айқындап, қоғамда экологиялық мәдениетті қалыптастыруға ерекше серпін берді. Тазалық шаралары барысында жиналған қоқыстар арнайы орындарға шығарылып, елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсартуға басымдық берілді.

Алдағы уақытта да Түркістан облысында қоршаған ортаны қорғау, елді мекендерді абаттандыру және экологиялық мәдениетті арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасын табады. Туған өлкенің тазалығы мен көркеюі – барша тұрғындардың ортақ жауапкершілігі

Ұқсас жаңалықтар

Бірлік пен достық – ел дамуының басты негізі

admin

ЗАҢДАР БИЗНЕСТІҢ ДАМУЫНА КЕДЕРГІ КЕЛТІРМЕУІ ТИІС

admin

ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ: «ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ДАМУЫНА ЖАҢА СЕРПІН БЕРЕТІН УАҚЫТ КЕЛДІ»

admin

Пікір жазу