Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Қоғам

Шымкент: Кеңестің жарты жылдық жұмысын қорытындыланды

Үкіметтік емес ұйымдармен және қоғаммен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес 2025 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы жұмысын қорытындылады. Бұл есептік кездесу қоғамдық және мемлекеттік құрылымдардың тығыз әріптестік орнатып, алдағы кезеңге нақты мақсаттар қоюына негіз болды.

Кеңестің басты мақсаты – қоғамды, ең алдымен жастарды есірткі қатерінен қорғау жолында полиция, азаматтық сектор мен жастар бастамаларының күшін біріктіру. Сондай-ақ, кеңес қоғамда салауатты өмір салтын насихаттап, жастардың бойында зиянды әдеттерге қарсы иммунитет қалыптастыруды көздейді.

Кеңес құрамына 14 адам енген: қоғамдық ұйым өкілдері, мәслихат депутаттары, спортшылар, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл және нашақорлықтың алдын алу саласындағы мамандар, танымал блогерлер, журналистер және басқа да медиа тұлғалар кіреді. Олардың әрқайсысы өз саласында танылған маман болып табылады және жастар арасында ықпал ету әлеуеті зор.

Кеңес құрылған сәттен бастап қала бойынша бірқатар ауқымды іс-шараның үйлестірушісі әрі ұйымдастырушысы болды. Мектептерде, колледждер мен жоғары оқу орындарында үнемі алдын алу дәрістері, семинарлар мен кездесулер өткізеді. Бұл шараларға жергілікті әкімдік, білім басқармасы және денсаулық сақтау мекемелері де белсене қатысады. Бұл кездесулер жастарға есірткінің зияны туралы айтып қана қоймай, балама жол – спорт, отаншылдық, салауатты өмір салты ұсынылады. Сонымен қатар, тәжірибелі мамандар нақты мысалдар арқылы есірткі тұтынудың зардаптарын жан-жақты түсіндіреді.

Кеңес жастар жобалары мен бастамаларын белсенді қолдап келеді. «Спорт есірткіге қарсы» ұранымен жарыстар ұйымдастырылып, патриоттық және экологиялық акциялар өткізілді. Бұл жобалар жастар арасында өзара ынтымақтастықты нығайтып, салауатты бәсекелестік рухын қалыптастыруға сеп болды. Есірткіге қарсы бейнероликтер түсіріліп, мектеп оқушылары, студенттер мен әскери қызметшілердің қатысуымен 10-нан астам жаппай шара өтті. Аталған шаралар әлеуметтік желілерде кеңінен таралып, мыңдаған көрерменнің назарын аударды. Мұндай жобаларға қатысу – жастарға ізгілікті, жауапкершілікті және рух күшін таңдауға көмектеседі. Жастар өз болашағы үшін саналы таңдау жасауды үйренуде.

Қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, есірткі жарнамасы бар граффитилерді бояу акциялары өтті. Шара барысында 200-ден астам жазба жойылды. Бұл – тек визуалды үгітке қарсы күрес қана емес, қылмыстық идеологияға төзбеушіліктің және таза, қауіпсіз ортада өмір сүруге деген ұмтылыстың айқын белгісі. Мұндай акциялар қалалық мәдениетті қалыптастыруға және қоғамдық тәртіпке деген құрметті арттыруға ықпал етеді.

Ұқсас жаңалықтар

Шымкентте «Гүлдер жәрмеңкесі» өтеді

admin

Бірлік – мызғымас мемлекет пен өркенді болашақтың негізі

admin

Запрет на скрытое лицо: новый закон о безопасности

admin

Пікір жазу