Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

«Табыс артады»: Тоқаев Үкіметке ең төменгі жалақы мөлшерін 100 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырды

«Сондай-ақ біз алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйесін жаңғырту ісіне ерекше мән береміз.

Осы тұрғыдан алғанда, жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттігін кеңейтіп, бұл жүйені қаржыландыру көлемін кезең-кезеңімен ұлғайту маңызды.

Үкіметке келер жылдың 1 қаңтарынан бастап осы бағытта жұмыс істейтін учаскелік қызмет мамандарының жалақысын үздіксіз еңбек өтіліне қарай 40 пайызға дейін арттыруды тапсырамын. Бұл 77 мыңнан астам маманның табысын өсіруге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар біз жалақының ең төменгі мөлшерін кезең-кезеңімен көбейте береміз. Мен Үкіметке ең төменгі жалақы мөлшерін 85 мыңнан 100 мың теңгеге дейін көтеруді тапсырамын.

Осы міндет келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап іске асырылуға тиіс. Бұл 1,8 миллион адамның, соның ішінде бюджеттен жалақы алатын 370 мыңнан астам қызметкердің табысын арттыруға ықпал етеді», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстанда Эколог күніне орай экологиялық бастамалардың қорытындылары шығарылды

admin

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі 2026 жылдың бес айында мемлекеттік бюджеттің кірісі жоспардан асып түсті

admin

ҚАЗЫҒҰРТТА ЖАЙДАРМАН ОЙЫНЫ ӨТТІ

admin

Пікір жазу