Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ОСК «Respublica» партиясынан кандидаттардың партиялық тізімін ұсыну туралы құжаттарын қабылдады

ОСК «Respublica» партиясынан кандидаттардың партиялық тізімін ұсыну туралы құжаттарын қабылдады
Бүгін Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясына «Respublica» партиясы» қоғамдық бірлестігінен Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін ұсыну туралы құжаттар келіп түсті.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ұсынылған құжаттардың заңнама талаптарына сәйкестігін қарайды.

Құжаттарды ұсыну «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының

87-бабында көзделген кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсыну рәсімі шеңберінде жүзеге асырылады. Заңға сәйкес Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсыну құқығы заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партияларға тиесілі.

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлауды дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шараларының бекітілген Күнтізбелік жоспарына сәйкес кандидаттардың партиялық тізімдерін ұсыну 2026 жылғы 13 шілде сағат 18:00-ге дейін жүзеге асырылады.

 

Ағымдағы сайлау науқаны туралы ақпарат
Аудандық маңызы бар қалалары, ауылдық округтері, кенттер мен ауылдар әкімдерінің сайлауы
Абай облысы
Ақмола облысы
Ақтөбе облысы
Алматы облысы
Атырау облысы
Батыс Қазақстан облысы
Жамбыл облысы
Жетісу облысы
Қарағанды облысы
Қостанай облысы
Қызылорда облысы
Маңғыстау облысы
Павлодар облысы
Солтүстік Қазақстан облысы
Түркістан облысы
Ұлытау облысы
Шығыс Қазақстан облысы

Ұқсас жаңалықтар

Бәйдібек ауданында қоғамдық тұрақтылық пен балалардың қауіпсіздігі мәселесі талқыланды

admin

Түркістан облысында полицейлер жаяу жүргіншілерге жол бермеген көлік иелерін тоқтатты

admin

Глава государства выступил на Третьей конференции Организации Объединенных Наций по развивающимся странам, не имеющим выхода к морю

admin

Пікір жазу