2026 жылдың 5 шілдесінде «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды Съезі өтеді
БАСПАСӨЗ АНОНСЫ
2026 жылдың 5 шілдесінде «Ақ жол» демократиялық партиясының сайлауалды Съезі өтеді
Съезге өңірлік партия конференцияларында өкілдік ету нормаларына сәйкес сайланған 200-ден астам делегат қатысады.
Съезд барысында делегаттар келесі мәселелерді қарастырады:
- «Ақ жол» демпартиясының Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысуы туралы;
- Партияның саяси бағдарламасын бекіту;
- Құрылтай депутаттығына кандидаттардың партиялық тізімін бекіту;
- Ұйымдастыру мәселелері.
Күні мен уақыты: 2026 жылдың 5 шілдесі, сағат 10:00.
Өтетін орны: Астана қаласы, Хусейн бен Талал көшесі, 25, Wyndham Garden Astana, Garden Hall залы.
БАҚ өкілдерін аккредиттеу бойынша: Айгерім Арыстанова, баспасөз хатшысы 8 702-689-28-58.
