Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Жаңа конституциялық нормаларды тиімді жүзеге асыру барлық мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысына байланысты – Олжас Бектено

Үкімет отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов жаңа Конституция нормаларын нақты жүзеге асыратын ең жауапты кезең басталғанын атап өтті.

«Жаңа Конституцияның нормаларын нақты жүзеге асыратын ең жауапты кезең басталып отыр. Оларды тиімді жүзеге асыру, құқық үстемдігі қағидаттарын нығайту және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету барлық мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысына байланысты. Жалпыұлттық референдум өткеннен кейінгі айларда жаңа мемлекеттік институттардың қызметі, Құрылтай сайлауын өткізу және негізгі конституциялық реформаларды іске асыру үшін қажетті құқықтық негіз құрылды»,  — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Премьер-министр бірқатар заңға тәуелді құқықтық актілерді қабылдау, салалық заңнаманы кешенді түрде қайта қарау және бүкіл құқықтық жүйені жаңа Конституцияға сәйкес келтіру қажет болатынын атап өтті. Әділет министрлігіне қолданыстағы заңнаманы жетілдіру бойынша үйлестіруді қамтамасыз ету және жұмысты жалғастыру тапсырылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан мен Словения президенттері кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізді

admin

СОЗАҚ АУДАНЫНДА АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІК ӨТТІ

admin

ЕҢБЕК АДАМЫ: ЖЕР ИЕСІНІҢ ТӘЖІРИБЕСІ МЕН ТАБАНДЫЛЫҒЫ – МҰХАМЕДДӘУІТ ҚОСАЕВТЫҢ ӨНДІРІСТІК ҮЛГІСІ

admin

Пікір жазу