Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

КЕЛЕС: АҚСАҚАЛДАР ИГІ БАСТАМАҒА ҰЙЫТҚЫ БОЛДЫ

Келес ауданында тазалық пен қоршаған ортаны қорғауға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Бұл игі іске аудан тұрғындарымен қатар, ардагерлер мен ақсақалдар да белсенді атсалысып келеді.
Аудандық Ақсақалдар кеңесінің мүшелері аудан орталығы арқылы өтетін Араншы каналының бойында сенбілік ұйымдастырып, аумақты тұрмыстық қалдықтар мен қоқыстардан тазартты. Тазалық шарасы барысында канал жағалауы ретке келтіріліп, қоршаған ортаның тазалығын сақтау бағытында жұмыстар жүргізілді.
Шараға қатысушылар тазалық – әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін атап өтіп, тұрғындарды туған жердің тазалығына бейжай қарамауға шақырды.
Аудандық Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Лесбек Нұртаев мұндай бастамалардың қоғам үшін маңызы зор екенін айтты.
– Тазалық жұмыстары тек бір күндік науқан болмауы тиіс. Әрбір тұрғын өзі тұратын аумақтың тазалығына жауапкершілікпен қарап, қоршаған ортаны аялауды әдетке айналдыруы қажет. Біз жастарға үлгі көрсету мақсатында осындай шараларға тұрақты түрде қатысып келеміз. Таза ауыл, таза көше – баршамыздың ортақ еңбегіміздің нәтижесі, – деді Лесбек Нұртаев.
Айта кетейік, Келес ауданында санитарлық тазалықты сақтау, елді мекендердің көркін жақсарту және тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН – БИЗНЕС ҮШІН ТАРТЫМДЫ ӨҢІР

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ РЕФЕРЕНДУМДА ДАУЫС БЕРДІ

admin

Түркістанда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аталып өтті

admin

Пікір жазу