Түркістан тұрғыны 3 миллион теңгесін қайтарып алды.
2026 жылдың наурыз айында Түркістан қаласының тұрғыны Б. Ж. есімді азаматша өз пәтеріне жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін «Отобой строй» жеке кәсіпкерімен 6 миллион теңгеге келісімшарт жасасқан. Келісімге сәйкес, тапсырыс беруші алдын ала төлем ретінде 3 миллион теңге төлеген.
Алайда келісілген мерзімге қарамастан, жөндеу жұмыстары басталмаған. Орындаушы тарапынан түрлі себептер айтылып, жұмыс үнемі кейінге шегеріліп отырған. Тіпті тапсырыс беруші келісімшарттан бас тартатынын хабарлаған кезде де, кәсіпкер сәуір айының 5-іне дейін жұмысты бастауға уәде берген. Бірақ бұл міндеттеме де орындалмаған.
Осы жағдайдан кейін Б. Ж. Түркістан облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің жедел желідегі телефон нөміріне хабарласқан. Департамент басшысының орынбасары Әшімханов Асқар мырза тұтынушыға оның заңды құқықтарын толық түсіндіріп, тиісті әрекеттерді жүзеге асыруға бағыт берген.
