Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

БӘЙДІБЕКТЕ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАСТАМАСЫ АЯСЫНДА ЖАЛПЫАУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

«Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында аудан орталығында ауқымды сенбілік жұмыстары ұйымдастырылып, оған 1000-ға жуық адам белсенді қатысты. Игі шараға ауданның барлық бөлімдері мен мекемелерінің қызметкерлері, ерікті жастар және жергілікті тұрғындар жұмыла кірісті. Тазалық жұмыстарын ширату мақсатында 15 арнайы техника жұмылдырылып, әрбір мекемеге бекітілген секторлар бойынша абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, ішкі көшелер, қоғамдық орындар, саябақтар мен арық-атыздар тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, аялдамалар ретке келтірілді. Сонымен қатар ағаштардың түптері әктеліп, күтіп-баптау жұмыстары жүргізілді.

«Аудан орталығында өткен сенбілік – тұрғындардың ортақ іске деген жауапкершілігін көрсеткен маңызды шара болды. Мұндай бастамалар қоршаған ортаны таза ұстауға ғана емес, қоғамдағы бірлік пен ұйымшылдықты нығайтуға да үлкен үлес қосады. Аудан тұрғындары тазалық шарасына бір кісідей жұмылып, нағыз ауызбірршіліктің үлгісін көрсетті. Атқарылған жұмыстар ауданның көркін арттырып, тұрғындарға қолайлы жағдай қалыптастырды. Алдағы уақытта да өңір тұрғындары тазалық жұмыстарына белсене атсалысады деген сенімдемін»-деді аудандық ақсақалдар кеңесінің төрағасы.

Ұқсас жаңалықтар

Уровень государственного долга 2025 (%от ВВП)

admin

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ БАТЫРЛАРЫ РЕФЕРЕНДУМҒА БАРДЫ

admin

ОТЫРАР ӨҢІРІ ШІРКЕЙГЕ ҚАРСЫ ӘРЕКЕТТІ ТОҚТАУСЫЗ ЖҮРГІЗІП ЖАТЫР

admin

Пікір жазу