Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ҚАЗАҚ ДАЛАСЫНДАҒЫ ТАРИХТА ЕСІМІ ҚАЛҒАН АНАЛАР ДӘРІПТЕЛДІ

Түркістан қаласындағы «Достық үйінде» облыстық әкімдіктің және Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының ұйымдастыруымен «Қазақ даласындағы тарихта есімі қалған аналарымыздың келбеті және ұрпақ тәрбиесіндегі рөлі мен орны» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Іс-шараға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы қатысып, алғы сөз сөйледі. Сондай-ақ Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев құттықтау лебізін білдірді.

Шараның басты мақсаты – қазақ тарихында ерекше орын алған аналар бейнесін ғылыми және рухани тұрғыдан зерделеу, олардың ұрпақ тәрбиесіндегі маңызын айқындау, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы отбасы институтының рөлін күшейту.

Конференция аясында белгілі ғалымдар мен қоғам қайраткерлері мазмұнды баяндамалар жасады.

Конференция барысында қазақ қоғамындағы аналар мектебі тек отбасы тәрбиесінің негізі ғана емес, сонымен қатар ұлттық рухтың, мәдени тұтастықтың және рухани тұрақтылықтың маңызды тірегі екені атап өтілді. Тарихта есімі қалған аналар ұлт болмысын қалыптастырып, ұрпақ тәрбиесінің алтын арқауы ретінде бағаланатыны айтылды.

Шарада көтерілген ғылыми және рухани тұжырымдар алдағы уақытта отбасылық құндылықтарды нығайтуға, ұлттық тәрбиені жүйелеуге және қоғамдағы рухани тұрақтылықты арттыруға ықпал етпек.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді

admin

ҚАЗАҚСТАН СИРЕК ЖӘНЕ СИРЕК ЖЕР МЕТАЛДАРЫНЫҢ ЖАҺАНДЫҚ НАРЫҒЫНДАҒЫ ПОЗИЦИЯСЫН НЫҒАЙТЫП ОТЫР

admin

Қазақстанда дәрілік заттарды таңбалау қалай жұмыс істейді: өндірушіден сатып алушыға дейін

admin

Пікір жазу