Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ҚАЗЫҒҰРТТА 1 000 ТҮП АҒАШ ЕГІЛІП, АУҚЫМДЫ СЕНБІЛІККЕ 10000 АДАМ ҚАТЫСТЫ

Қазығұрт ауданында халықтың экологиялық мәдениетін арттыруға, қоршаған ортаға ұқыпты қарауды қалыптастыруға және елді мекендердің экологиялық жағдайын жақсартуға бағытталған «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды.
Аталмыш экологиялық іс-шараға аудан тұрғындары белсенді қатысып, жалпы саны 10 000 адам жұмылдырылды. Акция барысында Қазығұрт ауыл округіндегі «Орталық саябақта» және Сарапхана ауыл округіндегі «Мәңгілік Ел» саябағында санитарлық тазалық, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілді. Тазалық жұмыстарына 20 арнайы техника тартылып, 1 000 гектардан астам аумақ қамтылды. Нәтижесінде 20 тонна қоқыс жиналып, арнайы полигондарға шығарылды.
Іс-шара аясында аудан әкімі Азизхан Исмаилов тазалық жұмыстары барысымен танысты. Сонымен қатар, 1000 ағаш отырғызу рәсіміне қатысып, дендросаябақта ұйымдастырылған суретшілер көрмесін тамашалады және тазалық жұмыстарына белсенді түрде атсалысты. Бұдан кейін аудан басшысы Сарапхана ауылындағы «Мәңгілік Ел» саябағына барып, ондағы тазалық және абаттандыру жұмыстарымен танысты.
Экологиялық акция тазалық жұмыстарымен ғана шектелмей, марафонмен жалғасын тапты. Аудан тұрғындары салауатты өмір салтын насихаттап, ерекше серпінмен жүгіріп өтті. Сонымен қатар, көрме алаңында экологиялық бастамалар мен шығармашылық жұмыстар ұсынылып, келушілерге ерекше әсер сыйлады.
Бұл күн – тазалықтың ғана емес, бірлік пен белсенділіктің, табиғатқа деген жанашырлықтың айқын көрінісіне айналды.

Ұқсас жаңалықтар

Мемлекет басшысы: «Жасанды интеллектімен жұмыс істеу құзіретін қалыптастыру мектеп қабырғасынан қолға алынуға тиіс»

admin

«ДАУЫС» коалициясының Түркістан қаласы бойынша байқаушылары

admin

Қазақстандық әйелдер ІТ-мамандықтардың арқасында кірісін қалай арттырады

admin

Пікір жазу