Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ҚАЗАҚ БАТЫРЛАРЫ РЕФЕРЕНДУМҒА БАРДЫ

Түркістан қаласында қазақ батырлары референдумға атсыласып, дауыс берді. Олар қазақ хандары мен батырлардың, билер мен бектердің мәңгілік мекен тапқан Ясауи кесенесі алдынды жиналды. Елдің бірлігі мен ертеңі үшін деп ұран тастап, барлығы бірге дауыс беруге барды.
«Референдум – халықтың тікелей өз таңдауын білдіретін ең маңызды шара. Ел үшін оның маңызы өте зор. Себебі референдум арқылы мемлекет тағдырына қатысты маңызды шешімдерді халықтың өзі қабылдайды. Бұл – билік пен халық арасындағы сенімді нығайтатын, қоғамның бірлігін арттыратын маңызды саяси процесс. Ең алдымен, референдум халықтың еркін білдірудің ашық жолы. Әр азамат өз дауысын беру арқылы ел болашағына бей-жай қарамайтынын көрсетеді. Халықтың пікірін ескере отырып қабылданған шешімдер мемлекет үшін де, қоғам үшін де тұрақты әрі әділ болады. Сонымен қатар, референдум азаматтардың жауапкершілігін арттырады. Әрбір адам өз таңдауы арқылы ел дамуына үлес қосатынын сезінеді. Бұл халықтың саяси белсенділігін күшейтіп, азаматтық сананың қалыптасуына ықпал етеді. Біз де батырлар кейпінде кесене алдынан рухтанып, дауыс беруге бара жатырмыз. Еліміздің ертеңі үшін аса маңызды шарадан тыс қалғымыз келмейді», — деді шараға қатысушы Олжас Бекбатырұлы.
Жалпы Түркістан қаласы бойынша республикалық референдум өткізу үшін 65 дауыс беру учаскесі бар. Барлық учаскелер қажетті құрал-жабдықтармен, материалдық-техникалық жағынан толық қамтамасыз етілген. Қала тұрғындары референдумға белсенді қатысып, өз таңдауларын жасап жатыр.

Ұқсас жаңалықтар

Алматы хайуанаттар бағы рекорд орнатты

admin

ТҮРКІСТАНДА ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАРДЫҢ ЖИЫНЫ ӨТТІ

admin

Қоғамдық сенімді нығайту және құқық тәртібі

admin

Пікір жазу