Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
МәдениетСпорт

ОТЫРАРДА 18 ЖАСҚА ТОЛҒАН ЖАСТАР РЕФЕРЕНДУМДА АЛҒАШ РЕТ ДАУЫС БЕРДІ

Отырар ауданында республикалық референдум аясында жас сайлаушылар өздерінің азаматтық белсенділігін танытып, алғаш рет дауыс берді. Шәуілдір ауылының тұрғыны Мырзахан Тоғжан Пернебайқызы №520 референдум учаскесінде, ал Арыс ауылының тұрғыны Бексұлтанова Нұрайлым Серікқызы №507 учаскесінде өз таңдауларын жасады.

Бүгінгі күн қос жас үшін ерекше мәнге ие. Себебі дәл осы күні олар 18 жасқа толып, еліміздің толыққанды азаматы ретінде алғаш рет референдумға қатысу мүмкіндігіне ие болды. Осылайша, олар азаматтық құқықтарын пайдаланып, ел өміріндегі маңызды саяси науқанға өз үлестерін қосты.

Дауыс беру учаскелерінің қызметкерлері жас сайлаушыларды жылы қарсы алып, олардың өміріндегі маңызды сәтпен құттықтады. Алғаш рет дауыс берген жастар да бұл күннің өздері үшін айрықша екенін айтып, ел болашағына қатысты шешімдерге қатысу үлкен жауапкершілік екенін жеткізді.

Жас буынның референдумға қатысуы олардың азаматтық ұстанымының қалыптасып келе жатқанын көрсетеді. Мұндай маңызды қоғамдық-саяси шараларға жастардың белсенді қатысуы елдің ертеңіне деген жауапкершілікті арттырып, қоғамдағы демократиялық мәдениетті нығайтуға ықпал етеді.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДАҒЫ 3 КӘСІБИ ТЕАТРДА 400-ДЕН АСА ҚОЙЫЛЫМ САХНАЛАНҒАН

admin

В ШЫМКЕНТЕ СОСТОЯЛСЯ ФИНАЛ РЕСПУБЛИКАНСКОГО КОНКУРСА «МИР АБАЯ»

admin

МӘНЕРЛЕП СЫРҒАНАУДАН «SHYMKENT SKATE» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТІП ЖАТЫР

admin

Пікір жазу