Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

РЕФЕРЕНДУМ: БӘЙДІБЕКТЕ «КУНГ-ФУ ПАНДА» ДАУЫС БЕРДІ

Байдібек ауданындағы референдум учаскелерінің біріне анимациялық кейіпкер – «Кунг-фу Панда» костюміндегі азамат келіп, дауыс берді. Бұл көрініс тұрғындардың көңіл-күйін көтеріп, референдумға қатысудың маңызын қызықты форматта жеткізді.
Айта кетейік, республикалық референдум аясында Бәйдібек ауданында 50 дауыс беру учаскесі таңғы сағат сағат 07:00-ден бастап өз жұмысына кіріскен. Референдум учаскелерінде «Сайлау – мереке» фотоаймақ ұйымдастырылса, Шаян, Боралдай және Шалдар елді мекендерінде азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкелері өтуде. Жалпы Түркістан облысы бойынша 947 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Облыста 1 187 257 азамат дауыс беру құқығына ие. Қазіргі таңда облыс тұрғындары маңызды шараға белсенді қатысуда.

Ұқсас жаңалықтар

ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК МӘДЕНИЕТІН АРТТЫРУҒА БАҒЫТТАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ДИКТАНТ ӨТУДЕ

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ІШІМДІКСІЗ АУЫЛДАР САНЫ 70-КЕ ЖУЫҚТАҒАН

admin

Түркістанда халықаралық жастар лагері басталды

admin

Пікір жазу