Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
ҚоғамСаясат

РЕФЕРЕНДУМ: ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ДАУЫС БЕРДІ

Республикалық референдум барысында Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде орналасқан №133 референдум учаскесінде дауыс беріп, өз таңдауын жасады.

Аталған учаскеде тұрғындардың белсенділігі жоғары. Мұнда алғаш рет дауыс беріп жатқан жастардан бастап, аға буын өкілдері де келіп, ел өміріндегі маңызды саяси науқанға қатысуда.

Жалпы, Түркістан облысындағы референдум учаскелері қажетті барлық материалдық-техникалық құралдармен толық қамтамасыз етілген. Референдумды ұйымдастыру және өткізу жұмыстарына облыс бойынша 6 380 комиссия мүшесі жұмылдырылған. Олардың 97 пайызының референдумдар мен түрлі деңгейдегі сайлау науқандарын өткізу тәжірибесі бар.

Ұқсас жаңалықтар

ПРЕЗИДЕНТ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ ЖОЛДАУЫНДА ҒЫЛЫМ МЕН ЖОҒАРЫ БІЛІМ САЛАСЫНА АЙРЫҚША БАСЫМДЫҚ БЕРЕДІ

admin

Жазасын өтеушілерге келген сәлем-сауқаттар арасында есірткі заттарының болуына рейд жүргізілді

admin

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары!

admin

Пікір жазу