Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Реформалардың мәні – 4: Қуатты өңірлер – қуатты ұлт

Елімізде қазір іске асырылып жатқан реформалар өзінің ау­қым­­дылығымен ерекшеленеді. Шын мәнінде, қысқа мерзімде олар экономика мен саясаттан бастап бірегейлік мәселелеріне дейінгі ұлттық мүддені көздейтін барлық саланы қамтып үлгерді. Деген­мен әрбір жалпыұлттық реформаның мазмұнымен қатар, жүзеге асы­рылатын кеңістігі, яғни нақты орны болатыны белгілі. Ол орын – бір­тұтас елді құрайтын өңірлер екені анық. Себебі қолға алған реформалар қала мен ауылда тұратын халықтың мүддесі үшін, солардың күш-жіге­рі­мен өңірлерде жүргізіледі. Сондықтан Мемлекет басшысы жария­ла­ған «Қуатты өңірлер – қуатты ұлт» қағидаты Қазақстан өзінің даму жо­­­­­лында табан тірейтін негіз болды және солай болып қала береді.

БІРЕГЕЙЛІГІМІЗДІҢ ӨЗЕГІ

Бұған дейінгі мақаламызда жаң­ғыр­ған ұлттық бірегейлік Әділетті Қа­зақстанның негізгі өзегіне және қа­зіргі дағдарыс кезеңінде өзгеріс­тер­ге серпін беретін қуат көзіне ай­налуы керек екенін айтқан едік. Бұл рет­те ұлттық бірегейлік дегеніміз аб­страктілі ұғым емес екенін айта кет­кен жөн. Ол мыңдаған сағасы бар үл­кен өзен сияқты, яғни бойына ой­лай білетін, жоспар құратын, бала тәр­биелейтін, еліміздің әр түпкірінде тұ­рып, жұмыс істейтін адамдардың нақ­ты ойын, арман-тілегін, тәжіри­бе­сі мен мінез-құлқын өзіне сіңіреді.
…Жалпы, біздің жеке біре­гей­лігі­міз жас күнімізден қалыптасады. Оның негізі күнделікті күйбең тір­ші­лікте жанға жылу сыйлайтын жар­қын сәттерден құралады. Дәл осы бала шақта алған әсерлер кейінгі өмір жолымызға сәуле түсіріп, тұлға ре­тінде қалыптасуымызға ықпал ете­ді.
Мен жазғы демалысымды көбіне Алтай тауының бөктеріндегі Алма­сай ауылында, нағашы жұртымда өт­­кізетін едім. Күнде кешкісін өріс­тен қайтқан малды жайғап болған соң ауладағы ошаққа от жағылатын. На­ғашы әжем ас әзірлеп, бәріміз дас­тарқан басына жиналушы едік. Кеш­кі астан кейін маздап жанған отты ай­нала отырып, ымырт үйірілген шақ­қа дейін әжеміздің әңгімесін тың­дайтынбыз. Ол кісі әңгіме айту­дың шебері еді. Әсіресе, батырлар жы­ры, хикаяға толы дастандар, Қа­жымұ­қан балуан жайындағы дерек­тер және ел басына күн туған қиын-қыс­тау кезең туралы оқиғалар есімде қа­лыпты. Шынтуайтына келгенде, әжем­нің сол әңгімелерінен алған тағы­лым өмірлік азық болды десем, ар­тық емес. Сол кездегі жұлдызды түн, таудан ес­­­кен самал, жалындап жанған алау есімнен бір сәт­ке де шыққан емес. Тіпті, әжем­нің өткен өмір, ата-бабамыздың ерлігі, ала­сапыран жыл­дар туралы айтқан әңгі­ме­лері мен жұм­сақ даусы да әлі күнге дейін жа­дымда жаң­ғырып тұр.
Кемелденген шаққа жеткен қазіргі ке­зең­нен кейінгі уақытқа зер салар болсам, тұл­ға ретінде қалыптасуыма әсер еткен көп оқи­ғаның арасынан ауылда өткізген сол күн­дер мен түндерім мұхиттағы арал секіл­ді ерекшеленіп тұрады. Олар – мені хал­қым­ның жан дүниесімен жалғап тұрған жә­не бала күнімнің ең аяулы сәттерін көз ал­дыма әкелетін сағынышқа толы есте­лік­тер.
…Кең-байтақ даламыздың әр бұры­шын­дағы ауыл мен қалашық жай ғана «елді ме­­кен» емес. Олар – біздің бірегейлігіміздің өзе­­гі. Себебі жаһандық оқиғалармен қарба­ла­­сып жатқан орталықтан жырақта орна­лас­­қан дәл осы жерлерде ұрпақтан-ұрпаққа бе­рілетін ұлттық код пен елдік қуат сақ­тал­ған.
Ұлттық ерекшелігіміз де сол жерден та­мыр тартады. Салтымыз бен ғұрпымыз, түп­теп келгенде, даму бағдарымыз да ауыл­дан бастау алады. Ауыл – қазақы біре­гей­лік­тің қайнар көзі мен берік қамалы. Бұл жер­де ұлттық рух тарихтың бір бөлшегіне ай­налмай, күнделікті тұрмыста көрініс тауып, елмен бірге жасап келеді.
Сондықтан халқымыздың мәдени және адам­гершілік коды сақталған ауылмен бай­ланыс бар кезде біз ұлт ретінде нығайып, іл­гері жылжи береміз деп толық сеніммен айта аламыз.
Ал егер ауылды, ондағы тыныс-тір­ші­лік­ті жоғалтатын болсақ, ұлттық рухпен ара­дағы нәзік байланысты да үземіз. Пре­зи­дентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев­тың ауылды дамытуға, елді мекенде өмір сүру деңгейін жақсартуға, аймақ­тар­дың әлеуетін барынша ашуға және об­лыс­тар мен аудан тұрғындарын елдегі саяси жә­не экономикалық жобаларға белсенді түр­де тартуға бағытталған реформалары­ның мәні осындай ұстанымға табан тірейді.

https://turkystan.kz/article/270494-reformalardyn-mani-4-quatty-onirler-quatty-ult

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысында 2029 жылға дейінгі халық кірісін арттыру бағдарламасының жүзеге асуы және нәтижелері

admin

АҒАШ ҰСТАСЫ БОЛСАҢЫЗ БЕРІ ҚАРАҢЫЗ Сіздерге арналған фестиваль

admin

Елордада Наурыз мейрамына арналған мерекелік шаралар өтіп жатыр

admin

Пікір жазу