Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Жыл басынан бері мемлекеттік еңбек инспекторлары 42,9 мыңнан астам жұмыскердің құқығын қорғады

2025 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 391 кәсіпорны 9,3 мыңнан астам жұмыскерге 2,2 млрд теңгеге жалақы бойынша берешек екенін анықтады. Сонымен бірге түрлі ұйымдарда жүргізілген тексерулер барысында еңбек құқығы бұзылуының 5,5 мыңнан астам фактісі анықталды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
Жалақы бойынша берешегі және еңбек құқығының бұзылуы анықталған кәсіпорындардың басшыларына орындауға міндетті 2 932 ұйғарым берілді және 370,9 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салынды.
Қабылданған шаралардың, оның ішінде жалақы бойынша берешекті өтеудің қатаң кестелері мен мерзімдерін белгілеудің нәтижесінде 8,9 мың жұмыскердің құқықтары қорғалды. Оларға 1,8 млрд теңге төленді.
Бұдан басқа, еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды қамтамасыз ету мәселелері ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.
2025 жылғы 1 қазандағы деректер бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары 4 572 тексеру жүргізді, оның барысында 5 523 бұзушылық анықталды, оның ішінде: еңбек саласында – 4 590; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 909; халықты жұмыспен қамту бойынша – 24. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 34 мың жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.

Ұқсас жаңалықтар

345 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқытылды

admin

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ЖАС СПОРТШЫЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗ ТАСЫМАЛЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАҒЫТЫНДА ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

admin

ТҮРКІСТАНДА «ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ – ЖАРҚЫН БОЛАШАҚ КЕПІЛІ» АТТЫ ЖАСТАР ФОРУМЫ ӨТТІ

admin

Пікір жазу