6 Желтоқсан, 2025. 13:59
Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ЖАСҰО Шымкент филиалы жол‑көлік колледжінің студенттері үшін ашық есік күнін өткізді

«Жол активтері сапасының ұлттық орталығы» (ЖАСҰО) республикалық мемлекеттік кәсіпорны Шымкент қаласы филиалы сынақ зертханасында «Жол‑көлік колледжі» мамандығының 1–2 курс студенттері үшін ашық есік күні ұйымдастырылды.

Іс‑шара барысында «Автомобиль жолдары мен әуежайларды салу және пайдалану» мамандығының студенттері жолдардың сапасын анықтау әдістерімен, зертханалық сынақ жүргізу процесімен жан‑жақты танысты. Студенттер жол‑құрылыс материалдарының физико‑механикалық қасиеттерін тексеру қондырғыларын өз көздерімен көріп, мамандарға қызықтырған сұрақтарын қойды.

«Ашық есік күнінде студенттерге асфальтбетон қоспасының зертханалық үлгісін дайындау әдісі көрсетілді. Мұнайлы битумның физико‑механикалық қасиеттерін сынақтан өткізіп, инертті материалдардың түрлері мен құрамы туралы толық ақпарат бердік. Сонымен қатар асфальтбетонға тұрақтандырғыш қоспалардың қызметі мен артықшылықтары кеңінен талқыланды», – деді ЖАСҰО Шымкент филиалы сынақ зертханасының материалдар инженері Ерлан Төребаев.

Айта кетейік, ЖАСҰО мамандары кәсіби бағдар беру аясында қазірге дейін 7 500‑ден астам кездесулер өткізіп, жас ұрпақты жол‑құрылыс саласына тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандар дайындауға үлес қосып келеді.

Ашық есік күндері тұрақты түрде ұйымдастырылып, студенттердің теориялық білімдерін практикалық дағдылармен толықтыруға жағдай жасайды.

Ұқсас жаңалықтар

Мақтаарал ауданында «Қызмет алушылар күні» іс-шарасы өткізілді

admin

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КІТАП КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕСІ ҚАЛАМГЕРЛЕР МЕН ОҚЫРМАНДАРДЫ ЖАҚЫНДАТТЫ

admin

Түркістан облысында құқықтық мәдениетті арттыру және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету жұмыстары күшейтілді

admin

Пікір жазу