Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ЖАСТАР МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕРДІ ҰЛЫҚТАДЫ

«Шымсити» шағынауданындағы Ту тұғыры алаңында Мемлекеттік Ту көтеру рәсімі мен салтанатты жиын өтті. «Мемлекеттік рәміздер күніне» орай өткізілген іс-шараға Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбеков, қала мәслихатының төрағасы Бахадыр Нарымбетов, зиялы қауым өкілдері, ардагерлер, жастар қатысты.

…«Көк тудың желбірегені, жаныма қуат береді». Жаңадан ашылған алаңда жастар осылай әндетіп, еліне деген сүйіспеншілігін көрсетті. Мерекелік іс-шарада әуелі Әнұранымыз шырқалды. Көпшілікке «Елдіктің нышаны болған Елтаңба, Ту, Әнұранның» шығу тарихынан ақпар беріліп, рәміздердің қадір-қасиеті айтылды.
Мерекелік жиында жоғары және орта арнаулы оқу орындарының шәкірттері, қала жастары мемлекеттік рәміздерге құрмет көрсетіп, сап түзеді. Ту ұстаушы жастардың арасында жас спортшылар, өнерлі жастар болды.

Бүгін елімізде Мемлекеттік рәміздер күні атап өтіледі. Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, елдігімізді танытуда бұл күннің маңызы зор. Еліміздің барлық аймағында осылайша бір мезетте Әнұран шырқалып, көк Ту көтерілді.
Мемлекеттік рәміздеріміздің мәні мен маңызын түсіну әрбір азаматтың қастерлі борышы. Көкке көтерілген туымыздың бейнесі жастар үшін мақтаныштың, еркіндіктің, елімізді сүюдің символы іспеттес.

Ұқсас жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Наташа Пирц-Мусар шағын құрамда келіссөз жүргізді

admin

Мемлекет басшысы Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының (IАСА) президенті Памела Харристі қабылдады

admin

Қазақстан бойынша 1,8 миллионнан астам оқушы суды үнемдеп пайдалану тақырыбында ашық сабақтарға қатысты

admin

Пікір жазу