Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ЖАС САҚШЫЛАРДЫҢ САПТЫҚ ДАЙЫНДЫҒЫН ПОЛИЦЕЙЛЕР ТЕКСЕРДІ

Келес ауданы №44 «Сырдария» жалпы білім беретін мектебінде жас сақшылармен кездесу өтті. Шараға аудандық полиция бөлімі бастығының орынбасары, полиция подполковнигі С. Отыншиев пен полиция майоры Ш. Рахматилла, сондай-ақ Келес аудандық білім бөлімі өкілдері қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін арттыру, тәртіп пен жауапкершілікке баулу, сонымен бірге жас сақшылардың саптық дайындығын жетілдіру болды.

Кездесу барысында жас сақшылардың сапқа тұру деңгейі мен сырт келбеті, нышандары мен киім үлгісі тексеріліп, саптық дайындықтары бағаланды. Полиция қызметкерлері форма кию мәдениеті, қызметтік этика және мінез-құлық нормалары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, өз тәжірибелерінен мысалдар келтірді.

Сонымен қатар оқушыларға ішкі істер органдары қызметінің маңызы мен жауапкершілігі жөнінде айтылып, патриоттық рухты қалыптастырудың маңыздылығы ерекше атап өтілді.

Жиын соңында қатысушыларға полиция қызметінің күнделікті жұмысын таныстыратын бейнематериал көрсетілді. Шара барысында алдағы жоспарлар талқыланып, жас сақшыларға өз мамандықтарына деген қызығушылықты арттыру, қоғам қауіпсіздігі мен тәртіпті сақтау ісіне үлес қосуға шақыру бағытында кеңестер берілді.

Мұндай кездесулер жас ұрпақтың тәртіпке, отансүйгіштікке және құқықтық жауапкершілікке тәрбиеленуіне оң ықпал етуде.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КІТАП КӨРМЕ-ЖӘРМЕҢКЕСІ ҚАЛАМГЕРЛЕР МЕН ОҚЫРМАНДАРДЫ ЖАҚЫНДАТТЫ

admin

Түркістан көпсалалы-техникалық колледжі қаржылық қауіпсіздік тестін тапсырды.

admin

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бейресми кездесу өткізді

admin

Пікір жазу