Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
ЖаңалықтарСаясат

Жаңа Конституция этносаралық татулық пен келісімді қорғайды – Коалиция 

Жаңа Конституция ұлтаралық келісімді нығайтуға және барша азаматтар үшін тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған. Бұл – преамбуланың алғашқы жолдарынан бастап Халық Кеңесін құруға дейінгі өне бойында көрініс тауып отыр. Осы және өзге де мәселелер Жалпыұлттық коалиция мүшелерінің Түркістан облысындағы өңірлік этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен өткен дөңгелек үстел барысында талқыланды.

Түркістан облысы еліміздегі ең көпұлтты өңірлердің бірі саналады. Мұнда 50-ден астам этнос өкілдері тұрады – бұл елімізді мекендейтін ұлттар мен ұлыстардың шамамен жартысына жуығы.

Кездесуге қатысушылар еліміздің 35 жыл бойы өзара құрметке, әр этностың тіліне, мәдениеті мен дәстүріне ілтипатпен қарауға негізделген қоғамдық келісім үлгісін әлемге көрсетіп келе жатқанын атап өтті.

Сонымен қатар Ата заң жобасында жалпыұлттық бірлікті бекемдеу Қазақстан Республикасының қызметінің іргелі қағидаты ретінде нақты әрі айқын бекітілген.

Осылайша, Мемлекет басшысының мемлекеттік саясаттың маңызды бағдарына айналған «Бірлігіміз әралуандықта» қағидасы да конституция жобасында өзінің қисынды жалғасын тапты.

Дөңгелек үстелге қатысушылар қоғамдық келісім жүйесіндегі алдағы өзгерістерге ерекше назар аударды. Онда Қазақстан халқы Ассамблеясының қазіргі механизмдері этносаралық бейбітшілікті нығайтуда тарихи рөл атқарып, өзіне жүктелген маңызды миссияны абыроймен орындағаны атап өтілді. Сонымен бірге, уақыт жаңа формат пен анағұрлым тиімді құралдарды талап етеді. Осыған орай Президент бастамасымен мүлде жаңа институт – Халық Кеңесін құру ұсынылып отыр. Конституция жобасында оған арнайы бөлім арналған. Референдумда қолдау тапқан жағдайда, оның рөлі мен өкілеттіктерін айқындайтын арнайы конституциялық заң да қабылданатын болады.

Жоспарға сәйкес, Халық Кеңесі құрамына этномәдени бірлестіктердің, мәслихаттардың және азаматтық сектордың өкілдері кіреді. Жаңа орган өңірлік саясат, азаматтық қоғамды дамыту және этносаралық қатынастар мәселелерін біртұтас жүйеге біріктіруге бағытталған. Бұл дербес институт халықтың шешім қабылдау үдерістеріне қатысу мүмкіндігін кеңейтіп, маңызды мәселелерді жалпыхалықтық деңгейде көтеруге жол ашады.

Ұқсас жаңалықтар

КАЗАХСТАН И РОССИЯ: СТРАТЕГИЧЕСКОЕ ПАРТНЁРСТВО, ПРОВЕРЕННОЕ ВРЕМЕНЕМ

admin

Шымкентте Жеңіс күніне орай гала-концерт өтті

admin

Жетісай ауданында «Құқықтық тәртіп» жедел‑профилактикалық іс‑шарасы

admin

Пікір жазу