Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

«Үздік еңбек адамы» номинациясының иегері — Оңғар Ақнұр Бақтиярқызы

Түркістан облысы, Қазығұрт ауданы, Жігерген ауыл округінің әжелер алқасының төрайымы Баян Рымбекова 25 қазан – Республика күніне орай, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жариялауына байланысты ауыл жастарын ынталандыру мақсатында ерекше бастама көтерді.

Бұл игі бастама аясында өз еңбегімен елге үлгі болып жүрген, кәсібін сүйіп, адал тер төгіп жүрген жастарға «Үздік еңбек адамы» номинациясы табысталуда.

Бүгінгі марапат иесі — ауылымыздың жас та еңбекқор қызы, ақ халатты абзал жан, мейірбике Оңғар Ақнұр Бақтиярқызы.

Қазіргі таңда Ақнұр декреттік демалыста болса да, қол қусырып отырмай, сүйікті ісімен айналысып келеді. Оның ерекше шеберлігі — түрлі тәтті торттар мен күлшелер пісіру. Әр туындысына жүрек жылуын, сүйіспеншілігін қосып, көркем безендіріп әзірлеген тәттілері ауыл тұрғындарының ерекше ықыласына бөленіп жүр.

Ақнұр — аспаздық өнердің қыр-сырын меңгерген бесаспап шебер, жауапкершілігі мен еңбекқорлығы арқылы көпке үлгі болып жүрген жан. Ол тек дәмді тағам әзірлеумен ғана емес, жылы жүрегі мен мейірімді мінезі арқылы да жұрттың сүйіспеншілігіне бөленіп отыр.


🎉 Ақнұр Бақтиярқызын «Үздік еңбек адамы» номинациясымен шын жүректен құттықтаймыз!
Жаныңызға нұр, отбасыңызға береке, кәсібіңізге табыс тілейміз.
Еңбегіңіз еленіп, абыройыңыз арта берсін!
Елің сүйген еңбекқор жандардың қатарында әрдайым биіктен көріне беріңіз!

Ұқсас жаңалықтар

Ғабит Сыздықбеков француз кәсіпкерлерімен кездесті

admin

ТҮРКІСТАН – БИЗНЕС ҮШІН ТАРТЫМДЫ ӨҢІР

admin

Мемлекет басшысы Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының (IАСА) президенті Памела Харристі қабылдады

admin

Пікір жазу