Түркістан қаласында өтіп жатқан сайлау науқаны аясында барлық азаматтардың өз конституциялық құқықтарын толық көлемде пайдалануына жағдай жасалуда.
Денсаулық жағдайына, жасы мен қозғалыс мүмкіндігінің шектеулі болуына байланысты сайлау учаскесіне өздігінен келе алмайтын азаматтар үшін үйден дауыс беру мүмкіндігі қарастырылған. Бұл – әрбір азаматтың сайлауға қатысу құқығын қамтамасыз етуге бағытталған маңызды шара.
Арнайы құрылған мобильді топ мүшелері өтініш білдірген сайлаушылардың тұрғылықты мекенжайларына барып, дауыс беру процесін заң талаптарына сай ұйымдастырып отыр. Барлық рәсімдер тиісті ережелер мен қауіпсіздік шаралары сақтала отырып жүргізілуде.
Үйден дауыс беру мүмкіндігін пайдаланған сайлаушылар өз таңдауын жасап, азаматтық жауапкершілігін көрсетуде. Олардың айтуынша, мұндай мүмкіндік – халықтың белсенділігін арттырып, сайлау процесінің ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етеді.
Сайлау комиссиясы өкілдерінің мәлімдеуінше, Түркістан қаласы бойынша үйден дауыс беру барысы тұрақты бақылауда. Әрбір өтініш дер кезінде қаралып, сайлаушылардың өтініші толық орындалуда.
Қала тұрғындары сайлауға белсенді қатысып, өз дауысын беру арқылы еліміздің дамуына және болашағына үлес қосуда.
Дауыс беру процесі кешкі сағат 20:00-ге дейін жалғасады.
