Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

УЧАСКЕЛЕР САЙЛАУ ӨТКІЗУГЕ ДАЙЫН

26 қазанда, яғни осы жексенбіде шығып қалған мәслихат депутаттарының орнына сайлау өтеді. Саяси науқан Түркістан облысында Түркістан қаласы, Келес, Ордабасы және Сайрам аудандарында өткізіледі.
Сайрам ауданындағы N3 округ бойынша үш кандидаттан тіркелген. Олар 25 қазанға дейін үгіт жүргізуді аяқтады.
Сайлау өткізуге жауапты учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері біліктілігін жетілдірді. Дауыс беру кабиналары талапқа сай жабдықталған және мүгедектігі бар сайлаушылар үшін қолайлы мүмкіндіктер жасалады.
Үшінші округ бойынша 4600 сайлаушы дауыс беруге құқылы. 3 учаске жұмыс істейтін болады.
Сайлаушыларға QR белгісі бар шақыру қағаздары таратылып, ақпараттық түсіндірмелер жүргізілді.
Дауыс беру 07.00-ден 20.00-ге дейін жүргізіледі. Сондай-ақ, учаскеге аккредиттеуден өткен тиісті жолдамасы бар байқаушылар, куәліктері бар канадидаттардың сенім білдірілген адамдары, қызметтік куәлігі және редакциялық тапсырмасы бар БАҚ өкілдері кіріп, процесті бақылай алады.

Ұқсас жаңалықтар

ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛДІ

admin

Өңірлерді қолдау күшейеді: 2026-2028 жылдарға арналған трансферттер инфрақұрылымды дамытуға бағытталады

admin

Рейтинг МВФ: крупнейшие экономики мира в 2026 году

admin

Пікір жазу