6 Желтоқсан, 2025. 14:52
Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДАҒЫ СЕНБІЛІККЕ ОБЛЫС ӘКІМІ МЕН ТҰРҒЫНДАР БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСТЫ

 

 

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында ауқымды сенбілік өтті. Жалпы, облыс көлемінде оған 50 мыңнан аса тұрғын қатысып, 17 мың ағаш көшеті егілді. Экологиялық бастамаға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров те қолдау білдіріп, Түркістандағы «Парасат» саябағы аумағында көшет отырғызды. Аға буын мен зиялы қауым өкілдерімен, жастармен кездесіп, аймақты көгалдандыру, жасыл желекті көбейту маңызды екенін жеткізді.

 

– Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» бағдарламасы бәріміз үшін маңызды. Қоршаған орта таза болса, қоғам тазарады. Ағаш егіп, айналаны таза ұстау әрбір тұрғынның міндеті болуы керек. Бүгінгі экологиялық іс-шараде белсенділік танытқан ардагерлерге, жастарға, тазалық мекемесінің қызметкерлеріне, тұрғындарға алғысымды білдіремін, – деді Нұралхан Көшеров.

 

«Парасат» саябағында 120 көшет отырғызылып, жасыл желек аумағы ұлғая түсті. Белсенділік танытқан тұрғындардың бірі – Мәдениет қараткері Ұлжан Мұстафаева.

 

– Бүгін қаладағы ардагерлер мен аға буын өкілдері, аналар алқасының мүшелері осы іс-шараға арнайы келіп тұрмыз. Мақсат – туған қаланы жайқалтуға үлес қосу. Немеремді ертіп келдім. Барша түркістандықтарды «Таза Қазақстан» бағдарламасына үлес қосуға шақырамын, – дейді ол.

Түркістан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстар жалғасады.

 

 

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ӨНЕР МЕН МӘДЕНИЕТТІҢ ДЕҢГЕЙІН КӨТЕРГЕН ФЕСТИВАЛЬ ЖӘНЕ БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ МАРАПАТТАЛДЫ

admin

ТҮРКІСТАН МЕН ҮНДІСТАН АРАСЫНДА ТУРИЗМ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ӨНДІРІС САЛАЛАРЫНДА ӘРІПТЕСТІК ОРНАТУ ЖОЛДАРЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

admin

ТҮРКІСТАН: «ОҢТҮСТІК ЖАРЫҚ ТРАНЗИТ» ЖШС-НІҢ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫНА ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН САҚТАНДЫРУ ШАРТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

admin

Пікір жазу