Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА ПОЛИЭТИЛЕН ПАКЕТТЕР МЕН ПЛАСТИК ЫДЫСТАР ӨНДІРЕТІН ЖАҢА КӘСІПОРЫН ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Түркістан қаласындағы арнайы экономикалық аймақта «ER-QAN GROUP» ЖШС-нің полиэтилен пакеттері мен пластикалық (желім) ыдыстар өндіретін жаңа зауыты пайдалануға берілді. Өндіріс орнының ашылуына Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, зауыттың жұмыс процесімен танысты.

Аймақ басшысы жаңа кәсіпорынның өңір экономикасына қосар үлесін тілге тиек етіп, кәсіпкерлікті дамытудағы маңызын атап өтті.

– Түркістан облысы үшін бүгін өте маңызды жоба іске қосылып отыр. Полиэтилен пакеттері мен бір рет қолданылатын пластикалық ыдыстар шығаратын бұл өндіріс – өңірдің индустриалды әлеуетін арттыратын елеулі қадам. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерге инвестиция тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу және отандық өнім өндіруді күшейту жөніндегі тапсырмалары біртіндеп жүзеге асуда. Жеке инвестор есебінен 4 млрд теңге көлемінде қаржы құйылған жоба – соның айқын дәлелі. Ішкі нарықта пластикалық өнімдерге сұраныс жоғары болғандықтан, бұл зауыт импортты алмастырып, экспортқа да жол ашады. Инвесторлар мен кәсіпкерлерге қолдау әрқашан көрсетіледі, – деді облыс әкімі.

Зауыттың жалпы құны – 4 млрд теңге. Кәсіпорын 30-дан астам жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтып отыр.

Облыс экономикасына келер болсақ, биылғы 10 айда негізгі капиталға 1 178,4 млрд теңге инвестиция тартылған. Шетелдік инвестициялар көлемі 543,5 млн АҚШ долларына жетті. Сондай-ақ, 2025–2028 жылдарға арналған 111 инвестициялық жоба пулы қалыптастырылған. Бұл жобалардың жүзеге асуы өңірде 23 мыңнан аса жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Ұқсас жаңалықтар

Шардара ауданында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері талқыланды

admin

ШЫМКЕНТ ОҚУШЫЛАРЫ ОҚУ ЖЫЛЫН ҚОРЫТЫНДЫЛАУҒА ДАЙЫН: ӘКІМДІК БІЛІМ САЛАСЫНДАҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАРДЫ ТАНЫСТЫРДЫ

admin

219,7 МЫҢ ГЕКТАР ЖАЙЫЛЫМ ЖЕР МЕМЛЕКЕТ МЕНШІГІНЕ ҚАЙТАРЫЛДЫ

admin

Пікір жазу