Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫ 100 ПАЙЫЗ АУЫЗ СУМЕН ҚАМТЫЛДЫ

Ордабасы ауданының барлық елді мекені қазіргі таңда толықтай сапалы ауыз сумен қамтамасыз етілді. Өткен жылы аудандағы 57 елді мекеннің 54-і орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылып, қамту деңгейі 94,7 пайызды құраған болатын. Биыл Мәдениет, Ынтымақ және Жұлдыз елді мекендерінде жүргізілген күрделі құрылыс-монтаждау жұмыстары нәтижесінде өңір тұрғындарының ауыз суға қолжетімділігі 100 пайызға жетті.

Су жүйелерінің тұрақты және сапалы жұмысын қамтамасыз ету мақсатында бірқатар ауылдарда ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Атап айтқанда, Ақбұлақ, Қайнар, Ұялыжар, Ықыластемір, Теспе, Жамбыл, Бірлік, Бөген, Жеңіс, Қызылжар және Көктөбе ауылдарында су құбырлары жөнделіп жатыр. Бұл шаралар тұрғындарды үздіксіз, қауіпсіз ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған.

Сонымен қатар, аудандық бюджет есебінен Төрткүл, Көкарал, Бадам, Шұбар, Бөген және Қарақұм елді мекендерінің ауыз су жүйелерін қайта құруға арналған жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалды. Құжаттар құрылыс жұмыстарын бастау үшін қажетті қаржыландыруды қарастыру мақсатында уәкілетті органдарға ұсынылған.

Ордабасы ауданында ауыз су мәселесін шешу бойынша жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Бұл тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға және ауданның әлеуметтік-инфрақұрылымдық даму әлеуетін арттыруға айтарлықтай ықпал етуде.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАНДА 570 ОРЫНДЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНЫҢ ЕҢБЕККЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ

admin

2025 жылы Алматыда 7 мыңнан астам адам баспаналы болады

admin

Пікір жазу