Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Түркістан облысында полицейлер жаяу жүргіншілерге жол бермеген көлік иелерін тоқтатты

Түркістан облысында жол қозғалысы ережелерін сақтау мен қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында полицейлер рейдтік іс-шаралар өткізді. Нәтижесінде жаяу жүргіншілерге жол бермеген 60-қа жуық көлік жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Рейдтер барысында патрульдік полиция қызметкерлері жолдағы тәртіпті күшейту, жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жүргізушілердің жауапкершілігін арттыру бағытында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Тәртіп сақшылары атап өткендей, жаяу жүргіншілер өткелі – жол қозғалысындағы қауіпсіздіктің негізгі кепілі. Алайда кейбір жүргізушілер ережені елемей, жаяу жүргіншілерге жол бермей, жол апатына себепкер болуы мүмкін.

– Әр жүргізуші жолда мұқият болуы керек. Жаяу жүргіншілерге жол бермеу салдары қайғылы оқиғаларға ұласуы әбден мүмкін. Сондықтан қозғалыс кезінде барынша сақ болу – әр азаматтың борышы, – дейді Түркістан облысы Полиция департаментінің өкілдері.

Сонымен қатар полицейлер жол қозғалысы ережелерін сақтау, жаяу жүргіншілерге құрметпен қарау және апатты жағдайлардың алдын алу қажеттігін тағы бір мәрте еске салды.

Мұндай профилактикалық шаралар облыс аумағында тұрақты түрде өткізіліп отырады және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға, тәртіп мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Ұқсас жаңалықтар

«AMANAT» партиясының жастары жұмысшы әйелдерді құттықтауда 

admin

БАЛА ҚАУІПСІЗДІГІ – БАРШАҒА ОРТАҚ МІНДЕТ

admin

Шымкент қаласында алаяқтық мәселесі жыл сайын өзекті болып отыр

admin

Пікір жазу