Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
ЖаңалықтарЭкономика

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК АЛАУЫ» ЭСТАФЕТАСЫ МӘРЕГЕ ЖЕТТІ

Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті өңірде қаржылық мәдениетті дамыту және тұрғындардың ақпараттық қауіпсіздігін күшейту мақсатында ұйымдастырған «Қаржылық қауіпсіздік алауы» аймақтық эстафетасын қорытындылады. Бастаманың негізгі міндеті – қоғамда қаржылық сауаттылықты арттыру, алаяқтық пен заңсыз қаржылық операцияларға қарсы тұрақты орта қалыптастыру.

Эстафетаға өңірдің жастар ұйымдары, мемлекеттік мекемелер, қоғамдық бірлестіктер мен ерікті азаматтар белсенді түрде атсалысты. Түркістанның барлық аудандарында түсіндіру кездесулері, алдын алу акциялары және тұрғындарға арналған ақпараттық шаралар өткізілді. Қатысушылар заңдылықты сақтау, қаржы қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау және адалдық қағидаттарын кеңінен дәріптеді.

Қорытынды шарада жастар өкілдері цифрлық заманда жеке деректерді қорғаудың, интернеттегі алаяқтықтың алдын алудың және сауатты қаржылық мінез-құлық қалыптастырудың өзектілігін атап өтті. Агенттік мамандары эстафетаның жас буынның құқықтық мәдениетін арттыруға және қаржылық қылмыстарға қарсы тұру қабілетін күшейтуге оң ықпал еткенін жеткізді.

Жиын барысында тұрғындарға қаржы саласындағы қазіргі тенденциялар, алаяқтықтың жиі кездесетін жаңа түрлері, олардан қорғану тетіктері мен құқық қорғау органдарының алдын алу бағытындағы жұмыстары бойынша жан-жақты ақпарат ұсынылды. Сонымен қатар, қаржылық мәдениетті арттыруға арналған әлеуметтік роликтер, әдістемелік материалдар және жастарға бағытталған ақпараттық өнімдер таныстырылды.

«Қаржылық қауіпсіздік алауы» эстафетасы Түркістан өңірінде азаматтардың құқықтық сауаты мен қаржылық қауіпсіздікке деген жауапкершілігін нығайтуға бағытталған маңызды жоба ретінде табысты аяқталды.

Ұқсас жаңалықтар

Алматыда Наурыз мейрамы ерекше сән-салтанатпен тойлануда

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕСІН ТЫҢДАДЫ

admin

Созақ ауданында жаңа жұмыс орындарын ашу бойынша 4 жақты серіктестік меморандумына қол қойылды

admin

Пікір жазу