Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «AGROFEST TÚRKISTAN — 2025» МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫ ӨТТІ

          Бүгін Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» көпсаласы кешенінде ҚР «Ауыл шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күні» кәсіби мерекесіне орай «AGROFEST TÚRKISTAN — 2025» мерекелік іс-шарасы өтті. Салтанатты шарада ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 300 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері ұсынылды. Одан бөлек, жиында қайта өңдеу кәсіпорындары көрмесі мен «Ауыл аманаты» жобалары таныстырылды.
                    Салтанатты жиынға қатысқан Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров бір топ сала өкілдерін айтулы мерекемен құттықтады. Сонымен қатар, облыс әкімі бірқатар шаруаларды ҚР Президентінің «Құрмет» орденімен, «Еңбек даңқы» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттады. Одан бөлек, шаруашылық төрағалары ҚР Премьер-министрдің Алғыс хатымен, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалімен және «Ауыл шаруашылығы саласының үздігі» төсбелгісімен марапатталды.
              Мерекелік кеште облыстың аграрлық саласының дамуына белсенді үлес қосып келе жатқан үздік агроқұрылым басшыларына да құрмет көрсетілді. Атап айтқанда, жылдың үздік агрономы, үздік механизаторы, үздік өсімдік шаруашылығында инновациялық, үздік жоғары өнімділік көшбасшысы, үздік ғалымы, үздік технологы, үздік гидротехнигі, үздік жылқы өсірушісі, үздік түйе өсірушісі, үздік сауыншысы, үздік зоотехнигі, ветеринар-дәрігер, асыл тұқымды мал өсіруші, үздік шопаны және бірқатар шаруалар «Ауыл партиясына 25 жыл» мерекелік медалімен марапатталды. Кеш концерттік бағдарламаға ұласып, Қазақстанның танымал эстрада жұлдыздары Нұрлан Әлімжанов, Әйгерім Қалаубаева, Маржан Арапбаева, Қуандық Рахым ән шашу тарту етті.

Ұқсас жаңалықтар

Еңбек күші – ел қуаты: Түркістан облысында жұмысшы мамандықтарының беделі артуда

admin

Жетісай ауданында қоғамдық тұрақтылық пен балалардың қауіпсіздігі мәселелері талқыланды

admin

Түркістан облысында әлеуметтік қолдау шаралары кеңейтілуде

admin

Пікір жазу