Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

«TURKISTAN INVESTMENT AND TOURISM FORUM – 2025» АЯСЫНДА ЦИФРЛЫҚ ТРАНСФОРМАЦИЯ МЕН ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ЖӨНІНДЕ ПАНЕЛЬДІК СЕССИЯ ӨТТІ

Түркістанда өткен «Turkistan Investment and Tourism Forum – 2025» халықаралық инвестициялық форумы барысында «Түркістанның дамуындағы цифрлық трансформация мен жасанды интеллект» тақырыбына арналған панельдік сессия ұйымдастырылды. Шараға аймақтың цифрландыру бағытына ықпал етіп отырған отандық және шетелдік компания өкілдері қатысты.

Панельдік талқылауға Түркістан облысы әкімі аппаратының басшысы Еркебұлан Дауылбаев, Woosong University Kazakhstan университетінің әкімшілік істер жөніндегі деканы Чон Ён Хва, «Hikvision» компаниясының өкілі Алмас Кумбассов, «Shaanxi Kobit Aviation Technology Co., Ltd.» компаниясы бас директорының орынбасары Фан Гоюань, «Sergek Group» өкілі Арман Шапаев және «Қазақтелеком» АҚ сату департаментінің директоры Жандос Байдәулетов қатысып, өңірдің цифрлық даму әлеуетіне қатысты өз ұсыныстары мен тәжірибелерін ортаға салды. Сессия модераторы – Азиза Чежеева.

Жиында жасанды интеллект шешімдерін енгізу, кадр даярлау, инновациялық инфрақұрылым қалыптастыру, цифрлық платформаларды дамыту және технологиялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелері талқыланды. Сөз алған Еркебұлан Дауылбаев Түркістанның инвестициялық мүмкіндіктерін атап өтіп, халықаралық серіктестерді жаңа цифрлық жобаларды бірге жүзеге асыруға шақырды. Оның айтуынша, Түркістан бүгінде тек тарихи-рухани орталық қана емес, сонымен бірге технология, білім, туризм және инновация тоғысқан жаңа өңірлік хабқа айналып келеді.

Өңірде ауыл шаруашылығын цифрландыруға ерекше көңіл бөлінуде. Осы бағытта ауыл шаруашылығына арналған дрондар шығару, бейнебақылау және оптикалық құрал-жабдықтар өндірісін жолға қою, сондай-ақ кабель өнімдерін шығаратын өндіріс орындарын ашу жоспарлануда.

Түркістан облысында 20 индустриалды аймақ жұмыс істейді, бұл – республика бойынша ең жоғары көрсеткіш. Индустриалды аймақтар толық инфрақұрылыммен қамтылған және инвесторларға қолайлы жағдай жасалған. Сонымен қатар «Turan» арнайы экономикалық аймағына да шетелдік және отандық компаниялардың қызығушылығы артып келеді. Бұл аймақ алдағы уақытта Түркістанды өңірлік экономикалық хабқа айналдыруға мүмкіндік береді.

Жаңа экономиканың басты талабы – білікті мамандар дайындау. Осыған орай Түркістан қаласында жаңа «Woosong Kazakhstan» университеті ашылып, IT, жасанды интеллект, киберқауіпсіздік және инженерия бағыттары бойынша кадрлар даярлауды бастады. Бұл бастама Түркістанды еліміздің маңызды IT-орталықтарының біріне айналдыруға серпін бермек.

Сессия барысында қатысушылар қала қауіпсіздігін арттыру, қоғамдық көлік жүйесін цифрландыру, автоматтандыру және дрон өндірісі бағыттары бойынша жүзеге асырып жатқан жобаларын таныстырды. Панельдік отырыстан кейін «G2B» форматына сәйкес жеке кездесулер өтті. Еркебұлан Дауылбаев ірі халықаралық компаниялармен келіссөздер жүргізіп, ұсынылған цифрлық жобаларды талқылады. Әкімдік тарапынан перспективалы бастамаларға қолдау көрсетілетіні және ынтымақтастық жөнінде меморандумдар жасалатыны айтылды.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА «ҮЛГІЛІ АУЫЛ» БАЙҚАУЫ БОЙЫНША КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫ ӨТКІЗІЛДІ

admin

ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЕРЕКШЕ КҮТІМДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН ТҰРҒЫНДАРҒА МЕМЛЕКЕТТІК ҚОЛДАУЛАР КӨРСЕТІЛУДЕ

admin

Қазақстан мен Өзбекстан президенттері AlmatyFair.ai көрмесіне барды

admin

Пікір жазу