Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

«ТҮРКІСТАН ХИКАЯСЫ» ГАЛА-КОНЦЕРТІ ӨТЕДІ

Әрбір қаланың өзіндік үні, өз тынысы және терең тарихы болады. Сол үн — ғасырлар қойнауынан жеткен шежіре, ал сол тыныс бүгінгі ұрпақтың арманымен үндескен өмір. Осындай рухани сабақтастықтың алтын діңгегі — қасиетті Түркістан.
 Түркістан музыкалық драма театры жанынан құрылған «Түркістан» ансамблі өзінің бір жылдық шығармашылық қызметін «Түркістан хикаясы» атты гала-концертпен қорытындылайды.
Бұл концерт — тек ән мен күйдің мерекесі ғана емес, Түркістан топырағында бастау алған жас өнерпаздардың шығармашылық ізденісі мен өнер арқылы өз жолын қалыптастыруға деген талпынысын танытатын ерекше мәдени кеш. Кеш барысында ансамбльдің бір жыл ішінде сахналаған үздік музыкалық туындылары ұсынылып, көрермендер ұлттық әуен мен заманауи музыкалық бағыттар үндескен мазмұнды бағдарламаның куәсі болады.
Гала-концерт барысында әрбір шығарма өткен мен бүгінді байланыстырып, Түркістанның рухани болмысын музыка тілі арқылы жеткізеді. Музыкалық бағдарламада ұлттық нақыштағы шығармалармен қатар заманауи музыкалық композициялар орындалып, көрермендерге ерекше әсер сыйлайтын шығармашылық кеш ұсынылады.
Кештің құрметті қонақтары ретінде еліміздің танымал өнер майталмандары қатысады. Атап айтқанда:
•Қанат Айтбаев
•Светлана Айтбаева
•Медет Салықов
•Клара Төленбаева
•Досымжан Таңатаров
•Зарина Божакова
Аталған өнер иелері кештің сәнін келтіріп, көрермендерге өздерінің таңдаулы музыкалық тартуларын ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар

ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтті

admin

Педагогтердің айлық жалақысы соңғы бес жылда қалай өсті?

admin

ТҮРКІСТАН: ӨНДІРІС ОРЫНДАРЫНДА ЖҰМЫСШЫЛАРДЫ ҚОЛДАУ БАҒЫТЫНДАҒЫ ШАРАЛАР КҮШЕЙТІЛДІ

admin

Пікір жазу