Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ТҰҢҒЫШ РЕТ «AUYL INVEST FEST. БАЛЫҚ АУЛАУ — 2026» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИРІ ӨТТІ

Бүгін «Rauan Ranch» демалыс аймағында «Auyl invest fest. Балық аулау — 2026» атты халықаралық фестиваль аясында балық аулаудан турнир өтті. Түркістан облысы әкімдігі мен «Ауыл» партиясы бірлесе ұйымдастырған бұл жоба өңірдегі балық шаруашылығын дамыту мен эко-туризмді насихаттауға бағытталған. Іс-шараға «Ауыл» партиясы төрағасының орынбасары Қайрат Айтуғанов қатысып, шараның маңыздылығына тоқталды. Жарысқа Түркістан, Қызылорда және Жамбыл облыстары, Шымкент қаласы мен Қырғызстан Республикасынан келген әуесқой және кәсіпқой балықшылардан құралған 10 команда қатысты. Қатысушылар балық аулаудың үш түрі қармақ, спиннинг және фидер түрлері бойынша халықаралық ережелерге сәйкес сайысты.
Жарыс қорытындысына сәйкес, қармақпен аулаудан Шымкент қаласынан қатысқан Нұрболат Айтбаев 1-орынға, Қырғызстан елінен келген Эрлан Насиридин 2-орынға, Түркістан облысынан қатысқан Төребекали Иманбердиев 3-орынға ие болды. Ал, спиннинг түрі бойынша Қызылорда облысынан Ғани Абдиев 1-орынды, Жамбыл облысынан Мелдебек Ерхан 2-орынды, Қырғызстан елінен Искендер Абдужапаров 3-орынды жеңіп алды. Сонымен қатар, фидерлік құралмен балық аулаудан Қырғызстан елінен Жәнібек Абдыжапаров 1-орынға, Шымкент қаласынан Нұрболат Айтбаев 2-орынға, Қызылорда облысынан Еркін Еркебаев 3-орынды иеленді.

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: «ОҢТҮСТІК ЖАРЫҚ ТРАНЗИТ» ЖШС-НІҢ ЕҢБЕК ҰЖЫМЫНА ЖАЗАТАЙЫМ ОҚИҒАЛАРДАН САҚТАНДЫРУ ШАРТТАРЫ ТҮСІНДІРІЛДІ

admin

РЕСПУБЛИКА АУМАҒЫНДА ХАЛЫҚТЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ІС-ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛУДЕ

admin

Түлкібас ауданында «Қауіпсіз балалық шақ» жобасы таныстырылды

admin

Пікір жазу