6 Желтоқсан, 2025. 14:47
Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ТӨЛЕБИ АУДАНЫНДА ЖАЛПЫАУДАНДЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ

Тазалық – тәртіптің бастауы

Төлеби ауданында экологиялық мәдениетті дамытып, қоршаған ортаға жанашырлық таныту дәстүрге айналған. Осы бағыттағы жүйелі жұмыстардың жалғасы ретінде аудан әкімі Еркеғали Әлімқұловтың тапсырмасымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында кең ауқымды жалпыаудандық сенбілік ұйымдастырылды. Бұл шара азаматтардың экологиялық жауапкершілігін арттырып, туған өлкенің табиғи келбетін сақтау мақсатында өткізілді.

✅ Сенбілік 1 қала және 12 ауылдық округті қамтыды. Таңертеңнен басталған тазалық жұмыстарына аудан әкімі аппараты, бөлімдер мен мекеме қызметкерлері, ауылдық округ әкімдіктері, жастар ұйымдары мен жергілікті тұрғындар белсенді түрде қатысты. Аудан әкімінің орынбасары Бауыржан Қайратұлы мен аудан әкімі аппаратының басшысы Амалбек Өміртай бастаған қызметкерлер Кемеқалған ауылдық округінде ұйымдастырылған сенбілікке қатысып, тұрғындармен бірге аумақты тазартты.

Бұл шара барысында құқық бұзушылыққа «нөлдік төзімділік» қағидасын қалыптастыру, яғни қоғамдық орындарда тәртіп пен тазалықты сақтау мәдениетін нығайту мәселесі де ерекше назарда болды. Себебі тазалық — тек сыртқы көрініс емес, ол әр азаматтың ішкі мәдениеті мен қоғамға деген құрметінің айқын көрінісі.

✅ 12 шақырым аумақ тазартылды
Сенбілік барысында Кемеқалған ауылдық округінің кіре беріс қақпасынан бастап Ақбастау және Ұйымшыл елді мекендеріне дейінгі жол бойлары қоқыстан тазартылды. Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған іс-шараға Леңгір қаласы мен Киелітас ауылдық округтері де техникалық қолдау білдіріп, арнайы техникамен жәрдемдесті.

✅ 2455 адам, 26 техника жұмылдырылды
Тазалық акциясына жалпы 2455-ке жуық аудан тұрғыны қатысып, 26 арнайы техника жұмыс істеді. Қатысушылар аумақты тұрмыстық қалдықтардан, қоқыстардан тазартып, ретсіз төгілген күл-қоқыс орындарын жойды. Нәтижесінде 18,5 тонна күл-қоқыс арнайы полигондарға жеткізіліп, жойылды.

«Тазалық – әр азаматтың мәдениеті мен жауапкершілігін көрсететін маңызды іс. Туған жеріміздің эстетикалық келбетін сақтау – баршамыздың ортақ міндетіміз. Табиғат – ұрпақтан-ұрпаққа аманат. Сондықтан әр тұрғынды қоршаған ортаға қамқорлықпен қарап, сенбілік іс-шараларына белсенді қатысуға шақырамын».

Бұл сенбілік – экологиялық мәдениетті нығайтуға, аумақты көркейтуге үлес қосқан үлкен азаматтық бастама. Мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.

🌿 Таза орта – салауатты өмірдің кепілі
Төлебиліктер өз туған өлкесін одан әрі көркейтіп, табиғи байлығын сақтау бағытындағы жұмыстарды жалғастыра береді. Әрбір азаматтың белсенділігі – ауданның дамуына қосқан үлесі. Табиғатты аялау – қоғам алдындағы жауапкершілігіміз.

Аудан тұрғындарына тұрмыстық қалдықтарды арнайы орындарға шығарып, рұқсатсыз қоқыс тастамау, қоғамдық орындарда тазалық сақтау мәдениетін қалыптастыру бойынша үндеу жолданды. «Нөлдік төзімділік» қағидатын ұстану арқылы біз өз ортамызды таза ұстап, кішкентай ісімізбен үлкен нәтижеге қол жеткізе аламыз.

Ұқсас жаңалықтар

Түркістан облысының ауылдарында тегін медициналық көмек көрсетілуде

admin

Жетісай ауданында «Құқықтық тәртіп» жедел‑профилактикалық іс‑шарасы

admin

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ЖАС МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТШІЛЕР ФОРУМЫНДА АДАЛДЫҚ ПЕН ОТАНШЫЛДЫҚ ДӘРІПТЕЛДІ

admin

Пікір жазу