Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Threads-тегі жалған ақпарат: Астанада күдікті ұсталды

Алаяқтық және жалған ақпарат тарату күдігімен Астана қаласының 23 жастағы тұрғыны ұсталды.

Анықталғандай, ол Threads әлеуметтік желісінде анонимді аккаунт арқылы әскерде қызмет ету кезінде өзіне қатысты болған деген ойдан шығарылған оқиғаны жариялаған. Жазбада өзін жыныстық зорлық-зомбылыққа ұшырадым деп көрсетіп, қоғам арасында алаңдаушылық туғызған.

Тексеру барысында аталған ақпараттың шындыққа жанаспайтыны белгілі болды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тиісті тергеу амалдары жүргізілуде.

Құзырлы органдар азаматтарды тек ресми дереккөздерге сенуге және тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырады.

Ұқсас жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев:

admin

Сайрам ауданында өндірісті дамыту: 44 млрд теңгеге жуық 20-дан астам жаңа жұмыс орны ашылады

admin

«Келешек» біріңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізу және дамыту жұмыстары тұрақты қарқынмен жүзеге асырылуда

admin

Пікір жазу