Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Басты ақпаратЖаңалықтарШымкент

Шымкенттік ҰОС ардагерлерге көлік кілті табысталды

Шымкентте Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында еліміздің асыл қазынасы – майдангерлерге ерекше ілтипат көрсетілді.

Бүгінде қалада өмір сүріп жатқан екі ардагер – Нина Егоровна Мосунова мен Мұраталы Төлепбергенұлына арнайы құрмет ұйымдастырылды.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков ардагерлерді айтулы мерекемен құттықтап, «Жеңіске 80 жыл» мерекелік медальдарын табыс етті. Сондай-ақ Мемлекет басшысы мен Қорғаныс министрінің құттықтау хаттарын оқып берді. Ардагерлердің аулаларында шеру ұйымдастырылып, әрқайсысына демеушілео есебінен жаңа автокөліктің кілті табысталды.

Нина Егоровна Мосунова — Татарстанда дүниеге келген. 1942 жылы өз еркімен майданға аттанып, телеграфист ретінде еңбек етті. Кейін пулеметші, зениттік бригаданың радистер бөлімін басқарған. Соғыстан соң Шымкентке көшіп келіп, түрлі салада қызмет еткен. «Германияны жеңгені үшін» медалімен марапатталған ардагер — бүгінде бақытты ана, немере-шөбере сүйіп отырған ақ жаулықты әже.

Мұраталы Төлепбергенұлы — Түркістан облысының тумасы. 18 жасында қолына қару алып, Брест қамалынан бастап Еуропаның біраз қаласын азат етуге қатысқан. Жеңісті Германияның Биттенберг қаласында қарсы алып, елге 1950 жылы оралған. Соғыс естеліктері жадына мәңгі жазылып қалған ардагер — ел құрметіне әбден лайық.

Ұқсас жаңалықтар

ШЫМКЕНТ: ТЕКЕСУ ТҰРҒЫН АЛАБЫНДА СУМЕН ЖАБДЫҚТАУ ЖҮЙЕСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

admin

Әл-Фараби АПБ полициясы колледж студенттерімен құқықтық сауаттылықты арттыру шарасын өткізді

admin

ШАРДАРАДА ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ САЛЫНБАҚ: ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ – ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН

admin

Пікір жазу