Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
ЖаңалықтарШымкент

ШЫМКЕНТ: МЕДИЦИНАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ БАЗАСЫ НЫҒАЙЫП КЕЛЕДІ

Шымкент қаласында медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайтуға ерекше назар аударылып отыр. Өткен 2024 жылы қаладағы денсаулық сақтау мекемелері көптеген замануи медициналық жабдықтармен қамтылды.

Бүгінде Шымкент қаласында 60 емхана жұмыс істеп тұр. Соның ішінде 14 мемлекеттік, 46 жекеменшік емхана бар. Онда 1 миллион 258 мыңнан астам адам тіркелген.
Медициналық ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 2024 жылы қаладағы денсаулық сақтау мекемелері көптеген замануи медициналық жабдықтармен қамтылып, нәтижесінде медициналық ұйымдардың техникалық жабдықталу көрсеткіші 83,8 пайыздан 87,6 пайызға дейін көтерілді.

Бұдан бөлек,
2022-2025 жылдары аралығында жаңадан 14 емхана ашылып, емханалардағы орташа жүктеме 25 мыңнан 21 мыңға азайды.
Сонымен қатар, былтыр
4-ші санаттағы медициналық жәрдем көрсетуге 23 дана автокөлік алынған.

Сондай-ақ, жыл басынан бері Тәуелсіздікке 20 жыл, Игілік, Жыланбұзған елді мекендерінде дәрігерлік амбулаториялар ашылды. 1 130 жедел жәрдем қызметкері біліктілігін жетілдіру бойынша аттестаттаудан өтіп, арнайы семинар ұйымдастырылды.
Осы және өзге де шаралардың нәтижесінде қалада аурушаңдық көрсеткіші төмендеп, ана мен бала өлімі азайған.

«Шымкент келбеті»

Ұқсас жаңалықтар

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек LRT құрылысының барысымен танысты

admin

“БІРЛІК МАРАФОНЫ”: ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІПТІ САҚТАУ — ЭТНОСАРАЛЫҚ ТАТУЛЫҚТЫҢ КЕПІЛІ

admin

Астанада қар тазалауға 1,3 мыңнан астам техника шықты

admin

Пікір жазу