Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНДА ЖАС СПОРТШЫЛАРДЫҢ ҚАУІПСІЗ ТАСЫМАЛЫН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БАҒЫТЫНДА ЖҰМЫСТАР ЖАЛҒАСУДА

Шымкент қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы кәмелетке толмаған спортшылардың жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді жұмыстар атқаруда. Бұл шаралар қала әкімдігінен 2025 жылдың 17 шілдесінде жолданған тиісті тапсырмадан кейін қолға алынған.
22 шілдеде басқармаға қарасты 20 спорт ұйымына арнайы хат жолданып, балалардың жолда жүру мәдениетін арттыруға бағытталған бірқатар іс-шараларды ұйымдастыру тапсырылды. Соның ішінде жол ережелерін сақтау бойынша ақпараттық жаднамалар тарату, әлеуметтік желілерде бейнероликтер мен аудиороликтер жариялау, сондай-ақ спортшыларға түсіндіру жұмыстарын күшейту міндеттелді.
Нәтижесінде спорт мектептерінде Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі әзірлеген «Білім беру ұйымдарындағы балаларды тасымалдау жөніндегі алгоритм» негізінде оқыту және түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Спортшылар мен жаттықтырушыларға жол қауіпсіздігінің маңыздылығы түсіндіріліп, арнайы акциялар өткізілді.
Бұл туралы бүгін, Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары – Алдабергенов Бауыржан Ғалымжанұлы мәлімдеді.
Қаладағы жас спортшылардың қауіпсіз тасымалдануын қамтамасыз ету – бұл ретте ең басты басымдықтардың бірі. Осы орайда, Дене шынықтыру және спорт басқармасы кәмелетке толмаған спортшылардың жолда қауіпсіз жүруі үшін арнайы шаралар қабылдауда. Бұл шаралар спортшылардың ғана емес, олардың ата-аналары мен жаттықтырушыларының да санасын оятып, жол ережелерін сақтау мәдениетін арттыруға бағытталған.
Қауіпсіздік шараларының маңызды бөлігі ретінде спорт ұйымдарында тұрақты түрде ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, заманауи коммуникациялық құралдар арқылы (әлеуметтік желілердегі бейнероликтер мен аудиороликтер) спортшыларға жол қауіпсіздігінің қағидалары жетілдірілуде. Сонымен қатар, арнайы алгоритмдер мен әдістемелерді қолдану арқылы балаларды тасымалдау тәртібі қатаң бақылауға алынып, кез келген қауіптің алдын алу жұмыстары тұрақты түрде жүзеге асырылуда.
Осы жұмыстардың нәтижесінде жас спортшылардың қауіпсіздігі арттырылып, жолдағы түрлі қауіп-қатерлерден қорғану деңгейі күшейтілуде.

Ұқсас жаңалықтар

Президент: «Қазақстан өзінің энергетикалық ресурстарын экспорттау бағыттарын әртараптандыруды көздейді»

admin

КӘСІПКЕРЛЕР ЕЛІМІЗДІҢ ЦИФРЛЫҚ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ ҚОЗҒАУШЫ КҮШІ БОЛУЫ ТИІС

admin

Астанада жас жұбайлардың салтанатты неке қию рәсімі өтті

admin

Пікір жазу