Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

ШАРДАРА КӘСІПКТІК КОЛЛЕДЖІ – ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАРДЫҢ МАҢЫЗЫН АРТТЫРУ ІСІНДЕ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Бұл бастама – еңбек адамының қоғамдағы орнын айқындап, жұмысшы мамандықтарының мәртебесін арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие білікті кадрларды даярлауға бағытталған маңызды қадам.

Осы мақсат аясында Шардара ауданындағы №16 кәсіптік колледж өз жұмысын жүйелі түрде жүргізіп келеді. Білім ордасының басты мақсаты – еңбек нарығына қажет, өз ісін жетік меңгерген, бәсекеге қабілетті және заманауи талаптарға сай мамандарды даярлау.

«Біз жұмысшы мамандықтарын дәріптеу арқылы қоғамда еңбекқорлық пен кәсібилікті насихаттаймыз. Нағыз маман болу – абырой мен жауапкершілікті қатар арқалау екенін жастарға ұғындыру – біздің міндетіміз», – дейді колледж әкімшілігі.

Осындай насихат пен ұйымдастыру жұмыстарының нәтижесінде 2025–2026 оқу жылында колледжге 500-ден астам талапкер өтініш білдіріп, олардың 475-і 1-курс студенті ретінде қабылданды.

Талапкерлердің қызығушылығын арттыру және ынталандыру мақсатында колледж әкімшілігі оқу жылының басында 9-сынып негізінде қабылданған студенттер арасында ұтыс ойынын өткізетінін хабарлаған болатын.

Міне, бүгін Ұстаздар күніне орай, уәде етілген ұтыс ойыны салтанатты түрде ұйымдастырылып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.

Ұтыс ойыны барысында төмендегідей сыйлықтар ойнатылды:

  • Redmi A5 ұялы телефондары – 6 дана

  • Apple Watch смарт-сағаттары – 3 дана

  • Apple AirPods сымсыз құлаққаптары – 11 дана

  • Спорттық велосипедтер3 дана

Іс-шараның мақсаты – жастарды еңбекке баулу, жұмысшы мамандықтарының беделін арттыру және білім алушылардың оқуға деген ынтасын күшейту.

Колледж басшылығы алдағы уақытта да осындай игі бастамаларды жалғастырып, студенттердің кәсіби және рухани дамуына жағдай жасау бағытында жұмыстарды жүйелі түрде жүргізетіндігін атап өтті.

Ұқсас жаңалықтар

«ШЫМКЕНТ АРУЫ 2025» БАЙҚАУЫНА ҚАТЫСУҒА КАСТИНГ БАСТАЛДЫ

admin

Халықаралық олимпиадаларға Қазақстан атынан барған әрбір екінші қатысушы жүлделі орынмен оралды

admin

Заңсыз айналымнан 400 мыңға жуық контрафактілік өнім алынды

admin

Пікір жазу