6 Желтоқсан, 2025. 15:05
Balmedia.kz қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық сайты
Жаңалықтар

Сауран ауданында нашақорлық пен интернет алаяқтықтың алдын алу шаралары күшейтілуде

Сауран ауданы прокуратурасының бастамасымен «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында жергілікті атқарушы, уәкілетті және құзырлы органдармен бірлесіп, қадағалау аумағында нашақорлық пен интернет алаяқтықтың алдын алу бағытында жүйелі түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.

Іс-шаралардың негізгі мақсаты – қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру, жастар арасында есірткіге және интернет кеңістігіндегі заңсыз әрекеттерге қарсы иммунитетті нығайту, сондай-ақ тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру болып табылады.

Прокуратура қызметкерлері оқу орындарында, мемлекеттік мекемелерде және қоғамдық орындарда кездесулер өткізіп, қатысушыларға есірткі заттарының адам өміріне зияны, олардың заңсыз айналымы үшін көзделген қылмыстық жауапкершілік, сондай-ақ интернет алаяқтықтың түрлері мен оны болдырмау жолдары туралы кеңінен түсіндірме беруде.

Сонымен қатар тұрғындарға жеке деректерді бөтен адамдармен бөліспеу, күмәнді сілтемелерге кірмеу және онлайн-төлемдер кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау жөнінде кеңестер ұсынылды.

Жүргізіліп жатқан алдын алу шараларының басты міндеті – азаматтардың құқықтық санасын көтеру және құқық бұзушылықтың алдын алу арқылы ауданның қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

#заңментәртіп

Ұқсас жаңалықтар

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТЫҒЫНА ҚОСЫМША САЙЛАУ ӨТУДЕ

admin

РЕСПУБЛИКА АУМАҒЫНДА ХАЛЫҚТЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ САУАТТЫЛЫҒЫН АРТТЫРУ ІС-ШАРАСЫ ЖАЛҒАСУДА

admin

ШАРДАРАДА ІРІ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖЫЛЫЖАЙ КЕШЕНІ САЛЫНБАҚ: ЖАҢА ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ – ХАЛЫҚ ИГІЛІГІ ҮШІН

admin

Пікір жазу